- Басты
- Жаңалықтар
- «KazAgro/KazFarm» көрмесінде 32 ел өздерінің ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерімен таныстырады
«KazAgro/KazFarm» көрмесінде 32 ел өздерінің ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерімен таныстырады
Көрмеде ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі саласындағы жетістіктер, сондай-ақ мал шаруашылығындағы инновациялар ұсынылады.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев атап өткендей, көрмеде отандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне ерекше назар аударылған.
«Қазақстан Республикасының АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында импортты алмастыру бағыты айқындалған. Осы бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі бәсекеге қабілетті өнімнің отандық өндірушілерін қолдау болып табылады. Осы аспектіде "КазАгро-2017», «KazFarm-2017» көрмесі отандық агробизнестің шет елдермен ынтымақтастықты кеңейтуге, сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға, ынтымақтастық орнатуға дайындығы туралы Қазақстан Республикасының әлеуетімен таныстырады», - деді Е. Нысанбаев.
Айта кету керек, жыл сайын іс-шараға әр түрлі елдердің ұлттық стендтері қатысады.
Ұйымдастырушылар хабарлағандай, биыл олардың тізімі Испанияның және РФ Түмен облысы Сауда-өнеркәсіптік палатасының стендтерімен толықты.
Негізгі павильонды "Ауыл шаруашылығы техникасы, жабдық және ілеспе тауарлар" блогы алды. Мұнда техниканың стационарлық және жеке көрсетілімдері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кластерлерінің көрмесі өтуде.
"Өсімдік шаруашылығы және көкөніс шаруашылығы" блогында компаниялар өсімдіктер селекциясының әдістерін, ең жаңа технологияларын, сондай-ақ өсімдік сұрыптарын ұсынады.
"Мал шаруашылығы" бөлімінде Қазақстанда өсірілетін асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларымен таныстыру жоспарланған. Көрмеге келушілер жақсартылған және элиталық тұқымдарды көре алады.
Көрме 27 қазанға дейін созылады.
Ақбота Күзекбай
Автордың суреті
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді