• Басты
  • Жамбыл облысында 9 мың тонна қант өндірілді
25 Қазан, 2017 15:34

Жамбыл облысында 9 мың тонна қант өндірілді

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев жұмыс сапарымен Меркі ауданында болды. Сапар барысында Жамбыл, Меркі, Сарымолдаев, Сұрат, Ойтал, Т.Рысқұлов ауылдарындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды және өнеркәсіп орындарын аралады.
Жамбыл облысында  9 мың тонна қант өндірілді | Strategy2050.kz

Облыс әкімдігі  хабарлағандай,  алдымен Көлтоған су қоймасының жағдайымен танысқан аймақ басшысы Жамбыл ауылында орналасқан апатты жағдайдағы №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды. 1956 жылы пайдалануға берілген спорт мектебінде 6 жаттықтырушы қызмет етеді, сондай-ақ 149 оқушы жаттығады. Жалпы, мектептің функциональдық мақсаты - жарыс, жаттығу процестерін өткізу болып табылады.

Келесі кезекте аймақ басшысы аталған ауылдағы «Дәмді Себет» азық-түлік дүкендер желісінде болды. Жеке меншік бағытта саттық жасайтын сауда үйінде жалпы 10 мыңнан астам азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары сатылады. Тұтынушылардың оң бағасын алған сауда үйінде 40 адам қызмет етеді. Өз кезегінде кондитерлік өнімдер мен «Дока» бірінші сұрыпты бөлке наны дүкеннің 2 қабатындағы наубайханада пісіріледі. Барлық тауарлардың бағалары нарық бағасынан 10-15 % төмен.

Облыс әкімі бастаған жұмыс сапары «№9 Меркі колледжінің» жұмысымен және қосымша жаңа құрылыс жұмыстарымен танысуға ұласты. Ағымдағы жылдың 3 наурызында құрылысы басталған колледжге «AKM Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлік етеді. Желтоқсан айының соңына дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталады деп жоспарлануда.

Іс-сапар барысының келесі аялдамасы Сарымолдаев ауылындағы 600 орындық жаңа мектепке ұласып, кәсіпкер Ширван Османовтың жеке тұрғын үй жанындағы қосалқы шаруашылықтың жылыжай шаруашылығымен танысуға ұласты. «ТаразҚұрылысДизаин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлік ететін жаңа білім ордасының сметалық құны 1 149 325 910 теңгені құрайды, ал құрылыс жұмыстары осы жылдың шілде айында аяқталған. Ширван Османов иелік ететін жылыжай шаруашылығы өңір басшысының оң бағасын алды. Фермерлік аулада жеміс дақылдарын өсірумен 2 қызметші айналысады. Орташа айлық жалақылары 50 мың теңгені құрайды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы, Сұрат ауылдық округіндегі «Сыпатай батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қант қызылшасы алқабымен және тұқым шаруашылығы бағытындағы жұмыстарымен танысуға тоқтады. 1929 жылы құрылған өнеркәсіп орны бүгінде элиталық және көбейтілген тұқым өндіруші шаруашылығымен айналысады. Құрамында барлығы жұмыс жасайтын 150 адамы бар серіктестік, биылғы жылы гектар түсімі 23 центнерді құрайтын 3450 тонна бидай, гектар түсімі 23 центнерден асатын 664 тонна арпа алуды жоспарлауда.

Өңір басшысы келесі кезекте Ойтал ауылындағы «Орталық Азия қант бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне атбасын бұрды. Барлығы 555 адам қызмет ететін зауыт 2003 жылы алғашқы өнімін шығарған. Зауытта биылғы жылдың 9 ай қорытындысы бойынша 51 мың 648 тонна шекер өнімдері немесе 9 млрд. 296 млн. 640 мың теңгенің өнімі өндірілді. Алдағы жылдары өнім көлемін ұлғайту жоспарлануда.

Өңір басшысы аралаған «Меркі шипажайы» акционерлік қоғамы 1958 жылы құрылып, 1997 жылы күрделі жөндеуден өткен. Барлығы 206 адам қызмет ететін шипажайда биылғы жылдың 9 айында 7328 адамға қызмет көрсетілкен.

Шипажай жұмысына табыс тілеген облыс әкімі балалар мен жасөспірімдерге арналған «Үміт» сарайына барды. 780 оқушы тәрбиеленетін білім ордасында барлығы 47 адамнан тұратын техникалық қызметкерлер мен мұғалімдер қызмет етеді. Жылу жүйесі көмірмен іске асатын ғимаратқа 2012 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды