- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет қаржысын талапқа сай қайтармаған екінші деңгейлі банктер мемлекет иелігіне өтеді – Д. Ақышев
Мемлекет қаржысын талапқа сай қайтармаған екінші деңгейлі банктер мемлекет иелігіне өтеді – Д. Ақышев
«Осыдан екі жыл бұрын банк жүйесіндегі активтердің сапасын бағалау туралы тапсырма берілген болатын. Сол кезде екінші деңгейлі банктердегі ахуалдың мәз еместігі анықталса, реттеуші ретінде Ұлттық банк нақты шара қолдана алмайды деген пікірлер айтылды. Осы ретте, біз екінші деңгейлі банктерді капиталдандыру бағдарламасын жүзеге асыру керек деп шештік. Айта кетер болсақ, бұл бағдарламаның шарттары өте күрделі», - деді сөз басында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.
Д.Ақышевтың айтуынша, Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің капиталына қайтарым негізінде еніп отыр.
«Жаңа бағдарлама негізінде, қайтарым негізінде Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің капиталына енетін болды. Нәтижесінде алғашқы бес жылда екінші деңгейдегі банктер қаржының жартысын толық көлемде қайтаруы керек. Бұл аз қаржы емес. Ал, бағдарламаның шартын орындамаған қаржы орталығы мемлекет иелігіне көшетін болады. Жалпы, менің ойымша бүгінгі банк иелері өз банктерінен оңайлықпен бас тарта қоймас, сондықтан да олар бағдарламаның шартын толығымен орындап келеді. Бұл бағдарламаға бүгінде төрт банк тартылған»,- деді Ұлттық банк төрағасы.
Мөлдір Асқарқызы
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады