- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты өз пікірін білдірді
Н.Нығматулин әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты өз пікірін білдірді
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекске заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда қараған Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Шарада депутаттар қолданыстағы Кодекс бойынша егер айтарлықтай зиян келтірілмесе, жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін нормаға қатысты баптың жоқтығына назар аударды.
Осы ретте әріптестерін қолдаған Палата Төрағасы Н. Нығматулин жеке кәсіпкер 100 теңге көлемінде лицензиялық алым төлемегені үшін 318 мың теңгеге айыппұл салынғанын тілге тиек етті.
Сонымен бірге Н.Нығматулин мұндай жағдайлар бірегей емес екенін атап өтті. Сондықтан, әзірлеушілер жұмыс тобымен бірге осы мәселені мұқият қарап, егер зиян келтірілмесе, жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін заңжобасын екінші оқылымда қарағанға дейін пысықтау қажеттілігін атап өтті.
«Жаза құқықбұзушылыққа сәйкес болуы тиіс», - деді Н.Нығматулин Әділет министріне қаратып.
«ҚазақстаншРеспубликасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін төмендетуге, ескерту шараларының қолданыс аясын кеңейтіп, жазалардың түрін пайдалы арнаға бұруға бағытталған. Жалпы алғанда әкімшілік-деликтілік заңнаманы одан әрі ізгілендіруге негізделген.
Түзетулерге сәйкес, атап айтқанда, әкімшілік айыппұл көлемі орта есеппен 30% -ға төмендеуін, сонымен қатар, әкімшілік жаза түрін ескерту ретінде кеңейту қажеттілігі ұсынылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек