- Басты
- Жаңалықтар
- Өскеменде жолдарды қайта құру ісі қолға алынды
Өскеменде жолдарды қайта құру ісі қолға алынды
Облыс орталығында алдағы жылдары сондай-ақ, үш деңгейлі айналма жол жобасын бастау жоспарда тұр. Облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс күнін Өскемендегі жол-жөндеу жұмыстарының барысын тексеруден бастады. Қайта құру ісі жүріп жатқан қаладағы барлық көшелерді аралады.
Айта кету керек, бұл жобалар алдағы 15 жылда облыс орталығындағы көлік кептелесін оңтайлы шешуі тиіс. Бүгінде Сәтпаев даңғылында жұмыс барысы қарқынды. Мердігерлер 700 млн теңгені игеріп үлгерген. Жібек маталар комбинаты шағын ауданының басты жолын 6 жолақты ету жоспарланған еді, алайда аймақ басшысы жобалық-сметалық құжатқа толықтыру енгізуді тапсырды.
«Ортасын бөліп тұрған жолақты алып тастау керек. Осылайша жолды екі есеге үлкейте аламыз. ЖСҚ қысқы маусымда түзетулер енгізіңіздер. Ал қазір құрылыс-құрастыру жұмыстарын тоқтатпай, жалғастыру қажет. Келесі жылы 1 млрд. 800 млн. теңге бөлеміз. Айырық жолақ мәселесін қарастыруды жіті тапсырамын», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Өскемен әкімінің орынбасарына келер жылы байқауға еліміздегі басқа да жобалаушы ұйымдарын шақыру тапсырылды. Себебі, жергілікті компаниялар мерзімін кешіктіріп қана қоймай, тексеру кезінде облыс әкімі анықтағандай, жобада қателіктер жіберген.
Келесі нысанда ісіне жауапсыздық танытқан «ЭлитЭнергоСтрой» компаниясы өзгелерден ерекшеленді. Жөндеу жұмыстарына небәрі 4 техника жұмылдырылған.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
«СҚ-Фармация»: Дәрі-дәрмек қоры, вакциналау және КВИ-мен күресте қолға алынған шаралар -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
COVID-19: Вакцина алғандар қайта вирус жұқтыруы мүмкін бе