- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 300 мың адам атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылады
ОҚО-да 300 мың адам атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылады
Келер жылы жұмсалатын қаржы көлемі үш есеге өсіп, 18 млрд теңгені құрамақ. Өңірде әлеуметтік көмектің жаңа сипатына көшу үшін тиісті шаралар қызу жүзеге асырылуда. Жобаны жергілікті халыққа түсіндіруде ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізіліп, оған арнайы 36 мобильді топ құрылды. Бүгінге дейін 700-ден астам елді мекенде тұрғылықты халықпен кездесулер ұйымдастырылды.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында күн сайын мамандарға осынау тың жүйені түсіндіру мақсатында оқу семинарлар өтуде. Бұдан бөлек, жұмыспен қамту орталықтары мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мамандарына, аудан және ауылдық округ әкімдеріне әр тоқсан сайын оқу семинарлары ұйымдастырылуда. Осыған дейін өңірдегі 9 ауданның мамандары осынау шараларға қатысып біліктілігін арттырған.
«Бұл жолы Сайрам, Сарығаш аудандарына келген 60 шақты маман жаңаша атаулы көмек көрсету жүйесімен жіті танысты. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, білген-түйгендерін пысықтады. Кездесу кезінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан іске асатын жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің өзгеруі түсіндірілді», - деп хабарлады әкімдік.
Айта кетейік, «Өрлеу» жобасы аясында бүгінге дейін жалпы сомасы 6 млрд-тан астам теңге болатын шартты ақшалай көмекті 20 мыңнан астам оңтүстікқазақстандық алды. Осы жобаға қатысушылардың 94%-ы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, 85%-ы тұрақты жұмыспен қамтылды.
Ағымдағы жылдың 9 айында «Өрлеу» жобасына қатысушылардың қатарында 906 адам өз ісін ашып, жеке кәсіпкер ретінде салық органдарына тіркелді. Облыста «Өрлеу» пилоттық жобасын іске асыру нәтижесінде, шартты ақшалай көмек алушылардың табысы 4,2 есеге артып, орта есеппен айына 1 адамға 23 мың теңгеге жетіп отыр.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді