- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Сағынтаев OpenAlmaty сервисінің жұмысымен танысты
Б. Сағынтаев OpenAlmaty сервисінің жұмысымен танысты
OpenAlmaty қоғамдық қабылдау бөлмесін аралау кезінде Бақытжан Сағынтаев SmArt.Point коворкинг-орталығын қарап шықты, сонымен қатар ақпараттық портал мен колл-орталықтың жұмысымен танысты.
«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының м. а. Р. Асаубаев Премьер-Министрге OpenAlmaty қызметі туралы баяндап, осында көрсетілетін қызметтер, жауапты мемлекеттік органдар мен SmArt.Point коворкинг-орталығының алаңында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді.
Айта кеткен жөн, OpenAlmaty жаңа сервисі халықтың өмірлік маңызды мәселелерін шешіп, қала тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету үшін барлық қала қызметтерін біріктірді. Портал тұрғындарға пайдалы ақпарат ұсынады: түрлі жағдайлар шешімінің алгоритмдері, қала қызметтері жұмысының жоспарлары және Алматының коммуналдық кәсіпорындарының байланыс нөмірлері.
Бұдан кейін Премьер-Министр дат сәулетшісі Ян Гейлдің жобасы бойынша реконструкцияланған Панфилов және Жібек жолы көшелеріне барды.
Алматы әкімінің орынбасары С. Мәкежанов бірыңғай сәулет стилі аясында ғимараттардың алдыңғы жағын жаңарту және ұзын ағаштарды отырғызу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндады. Бұдан өзге, мұнда спорт және балалар ойнайтын алаңдар ашылған, сондай-ақ, су тартатын тиімді жүйе бар.
Аталған реконструкцияның осы жазда Алматы әкімдігі бастамашылық еткен жаяу жүргіншілер көшесі бойынша көлемді жобасының бір бөлігі екенін айта кеткен жөн. Жоспар бойынша «Арбат» (Қонаев көшесінен бастап Желтоқсанға дейін Жібек жолы), Панфилов көшесінің бір бөлігі мен «Астана» алаңы тұтастай жаяу жүргіншілерге арналады. Гоголь және Қабанбай батыр көшелері жартылай жаяу жүргіншілерге арналады.
Одан кейін Б. Сағынтаев Алматы әкімдігінің жаңа автокөліктері мен арнайы техникасын қарап шықты. Әкім орынбасары М. Дәрібаев жол қозғалысын ұйымдастырудың кешенді жоспары, «Оңай» жол ақысын төлейтін автоматтандырылған жүйесінің жұмысы туралы, сонымен қатар қалалық дағдарысқа қарсы бағдарлама жайлы баяндады.
Премьер-Министрге баяндалғандай, биыл 146 шақырым жол жабыны жөнделеді және 97 мың м² жаяу жүргіншілер жолы салынады, 57 көшеде 42,2 шақырым арық жүйесі реконструкцияланып, 14,7 шақырымына құрылыс жұмыстары жүргізіледі, онымен қоса 32 шақырым жылу желісі жөнделеді. Бұдан өзге, «Айгерім», «Ұлжан-1, -2», «Қарасу», «Ақбұлак», «Дархан», «Кұрылысшы», «Өжет», «Трудовик», «Шаңырақ-1, -2», «Алтын бесік», «Достық» және т. б. шағын аудандардың 20 мыңнан астам үйіне кәріз жүйесі және 380 шақырымнан астам су құбыры тартылады.
Ян Гейл қалалық қоғамдық кеңістіктің үлкен зерттеушісі ретінде белгілі. Сәулетші Алматының ерекшеліктерін зерттеп, мегаполисті алматылықтарға және туристерге ыңғайлы етудің маңызды ұсыныстарын әзірлеген. Мәселен, 2015 жылы қаланың сегіз ауданында жаяу жүргіншілер аймақтарын, демалыс орындарын, спорт және балалар алаңдарын құру бойынша пилоттық жобаны іске асыру басталды. Сондай-ақ, қалалық велосипедшілер жолы айтарлықтай кеңейтілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді