- Басты
- АББ өз нәтижесін беруде - Лаура Ахметниязова (ВИДЕО)
АББ өз нәтижесін беруде - Лаура Ахметниязова (ВИДЕО)

«Бүгінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұсынуды жетілдіру үшін созылмалы ауруы бар пациенттерді белсенді бақылауға негізделген ауруларды басқару бағдарламасын (АББ) енгізу жөніндегі жоба іске асырылуда. Бұл аурулар қатарына қант диабеті, артериалды гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі жатады. Жалпы, бағдарламаның нәтижесінде пациенттің 75 % -ында артериалды қан қысымы тұрақты екенін, қант диабеті бар пациенттердің 65%-ының қан көрсеткіштерінде оң динамика бар екенін көрсетті. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеуге жатқызу жағдайлары 2 есеге дейін төмендеген», - деді Лаура Ахметниязова.
Ағымдағы жылы жоба барлық 16 өңірде немесе 53 емханада іске асырылуда.
«Жалпы республикада, әсіресе республикалық деңгейдегі қалаларда бір жалпы практика дәрігеріне 2,5-3 мың тұрғыннан келеді. Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта осы көрсеткішті бір жалпы практика дәрігеріне 1,5 мың тұрғынға дейін азайтуға бағытталған іс-шараларды қарастырып отыр. Бұл мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту және медициналық алғашқы көмек көрсететін, жалпы практика дәрігерлері халыққа барынша жақын болып бірге қабылдау жүргізетін шағын жеке клиникаларды дамыту арқылы жасалатын болады», - деп бөлісті спикер.
Бұдан басқа, МСАК деңгейінде 0-ден 6 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және жалпы практика дәрігерлерінің жүктемесін тіркелген 1500 тұрғынға дейін төмендету мақсатында педиатрия учаскелерін қалпына келтіру жұмысы жүргізілуде. Қабылданып жатқан шаралар 2024 жылға қарай 0-ден 6 жасқа дейінгі балаларға педиатриялық учаскелерде қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Мөлдір Асқарқызы
-
2021 жылы төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өзгерді
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
Елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді
-
Халықты ауыз сумен қамту: Заң жобасына қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілді
-
Сарапшылар пікірі: «Парламентке өтпеген партиялар өз ұстанымдарын өзгертпейді»
-
Партия лидерлері сайлау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
-
Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады
-
М.Тілеуберді: «Пандемияға қарамастан, Қазақстан сыртқы саясатының негіздері өзгеріссіз қалады»
-
Қазақстанның зейнетақы реформалары: өзгерістер мен нәтижелер
-
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қандай өзгерістер енгізілді
-
Ақберен Елгезек: Президент құр сөз болып қалатын дүниелерді емес, орындалуы тиіс нақты істерді айтты
-
Мемлекеттік басқару академиясының «QazaqResmiTest» тестілеуінің форматы қалай өзгерді
-
ІІМ басшысы қызметте көзге түскен полицейлерді марапаттады
-
ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы қайта жанданды
-
2021 жылы коммуналдық қызметтердің тарифі қалай өзгереді

