- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-ның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы күн тәртібін белгілеуге мүмкіндік береді
ҚР-ның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы күн тәртібін белгілеуге мүмкіндік береді
«БҰҰ ҚК-де Қазақстанның төрағалық етуі белгілі тәртіпте өтеді, әрбір тұрақты емес мүшеге бір немесе бірнеше рет төрағалық түседі. Егер де елдерді таңдайтын болса, біз екі мәрте төарағалық етер едік. Алайда, Қазақстанға бір рет қана түсті, 2018 жылдың қаңтарынан бастап төрағалық ету басталады. Бұл күн тәртібін белгілеу мүмкіндігін береді, Қазақстан заманауи әлемде қандай мәселені өзекті деп тапса, соны алға тарта алады. Жалпы, бұл қызмет қауіпсіздік кеңесінің барлық мүшесіне тиесілі құқық», - деді Е.Ашықбаев.
ҚР БҰҰ ҚК тұрақты өкілі болуды жоспарлап отыр ма деген сұраққа вице-министр ондай мақсат жоқ екенін жеткізді.
«Біз тұрақты мүше болу мақсатын алға қоймадық. Мәселе қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ жүйесінің реформасына қатысты, қазіргі құрамда БҰҰ құрылған кездегі жағдай қалыптасқан. Үндістан, Жапония, Германия, Бразилия, Нигерия, ОАР және өзге ірі елдердің де тұрақты мүшелікте орны жоқ. Тұрақты емес мүшелер – қауіпсіздік кеңесінің легитимді мүшелері болып табылады. Ал, қауіпсіздік кеңес ұжымдық орган болып саналады, ол тұрақтылық пен қауіпсіздікке жауап береді», - деді Е.Ашықбаев.
Қайрат Жандыбаев
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді