- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанай облысында ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілді
Қостанай облысында ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілді
Күн тәртібіндегі көптеген семинарлар мен кездесулер, өңірдегі шаралар кешені дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуына қарсы іс-қимыл жүргізуге бағытталған. Әсіресе, дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушыларына ерекше назар аударылып, жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сарапшылар Қостанай, Лисаковск қалаларындағы мешіттерде осы санаттағы азаматтармен жеке әңгімелесті.
Протестанттық діни бірлестіктердің ғибадат объектілерінде дін саласындағы заңнаманы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Рухани-адамгершілік негіздерін ашу арқылы шиеленстердің алдын алуға, қоғамда орнығуға, экстремизм мен терроризм сынды діни қауіп-қатерлерге қарсы тұруға мүмкіндік береді»,- дейді жиында сөз алған делегация мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының аға оқытушысы, дінтанушы - Толғанай Мұстафина.
«Бүгінгі таңда діннің рөлі саяси аренада күн санап артуда. Бұл, өз кезегінде, дінді саяси мақсатта пайдалану мүмкіндігінің артқандығын білдіреді. Сонымен қатар, діннің рөлі мәдениет және қоғамдық қатынастарда да өскендігін айта кету керек. Бірақ, сараптап қарайтын болсақ, өзгерістер кезінде діннің өзі емес, оның бұрмаланған бейнесі көрініс береді. Әсіресе, бұрмаланған саясатта, дін ең өрескел түрде пайдаланылады. Діни негіздегі белсенді партияларда экстремизм элементтері жиі байқалады»,-дейді сарапшы.
Жалпы алғанда, халықтың діни сауаттылығын арттыруды мақсат еткен іс-шараларға Қостанай қаласы мен облыс аудандарының тұрғындары, өңірдегі қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, дін, БАҚ, еңбек ұжымдары, оқытушылар, мұғалімдер, студенттер, және де оқу орындарының қызметкерлері қатысты.
Делегация құрамына аталған саладағы жетекші сарапшылар кірді. Олардың қатарында: Иманбаев Мейрам Өткілбайұлы – Дін істер комитеті діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасының жетекшісі, Иржанов Руслан Самарханұлы - «Білім» ҚБ директоры, Мұстафина Толғанай - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының аға оқытушысы, дінтанушы, Жаңақов Берікбол - Астана қ. «Әлжан Ана» мешітінің наиб имамы, Гайко Ольга Александровна – дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ғылыми қызметкері бар.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр