- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-да Көшім ауылының 1500 тұрғыны ауыз суға қосылды
БҚО-да Көшім ауылының 1500 тұрғыны ауыз суға қосылды
«Облыс тұрғындарын таза ауыз сумен қамту – біздің өзекті мәселелеріміздің бірі. Себебі өңіріміздегі 443 елді мекеннің 36 пайызы ғана орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Осы мәселені ҚР Премьер-министрі облысымызға келгенде баяндадық, Парламент депутаттары аудан-ауылдарды аралаған кезде өздері куә болды. Соған сәйкес Елбасы тиісті тапсырма берді. Қаражат бөлінді. Соның нәтижесінде биыл облысымыздағы 55 елді мекен сумен қамтылуда. Соның бірі – сіздердің ауылдарыңыз. Жаз бойы жұмыс жүріп, міне бүгін бұл нысан тапсырылып отыр. Игілігін көретіндеріңізге сеніміміз мол»,-деді тұрғындармен кездесуі кезінде Алтай Сейдірұлы.
Жергілікті тұрғындар атынан сөз сөйлеген Валентина Леонтева судың дәмі тіл үйіретінін айтып, су құбыры барлық әлеуметтік нысанға, үйлерге тартылғанын жеткізді. Сол үшін көшімдіктердің Елбасына, Үкіметке, облыс басшылығына, жергілікті атқарушы билік құрылымдарына айтар алғысы зор.
Содан соң облыс әкімі еңбек ардагері Сағитжан Бегеновпен бірге жаңа нысанды іске қосты.
Мердігер компания - «Нира» ЖШС-ның директоры Абузар Джафаровтың сөзіне қарағанда, сәуір айының ортасында басталған құрылыс жұмыстары уақтынан екі ай бұрын бітті. Сумен қамту нысандары негізінен жергілікті материалдармен салынды.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Жеңіс күні: Qaharman1945.kz порталы іске қосылды -
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды -
«Tynda» мобильді қосымшасы іске қосылды