- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда инновациялық обсерватория құрылады (ВИДЕО)
Қазақстанда инновациялық обсерватория құрылады (ВИДЕО)
«Біз қазір обсерваторияның құрылымын қарап жатырмыз. 2018 жылдан бастап обсерватория белгілі бір пішінге ие болады, жаңа енгізілім 2018 жылдың қаңтар айында бастау алады. Бұған дейін инновациялық обсерваторияның құрылымдық бөлшектері талқыланады», - деді Б.Ерешев.
Б.Ерешевтің айтуынша, елде инновациялық кеңселер белсенді түрде құрылуда.
«Бүгінгі таңда инновация саласында өте ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Әрбір өңірде аймақтық инновациялық кеңселер ашылуда. Олардың рейтингтерін бақылау, методологиялық көмек беру, үздік тәжірибелер мен олардың көзін ашу - инновацялық обсерваторияның міндеті болады», - деді жобаның аға менеджері.
Инновациялық обсерватория тәуелсіз алаң ретінде жұмыс істейтін болады.
«Инновациялық абсерватория тәуелсіз алаң ретінде республикадағы барлық инновациялық процестер бақылауға алынып, оларға мониторинг жасалатын болады. Мұндағы басты мақсаттардың бірі - бизнес пен ғылымды бір-бірімен байланыстыру, ашық әрі қысқа мерзімде қос саланы ұштастыра жұмыс атқаруға қол жеткізу. Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінде Қазақстан 59-шы орында тұр.Алаңды құру Қазақстандағы инновация үрдісін бақылап, үкіметке нақты баяндама ұсынуға мүмкіндік береді», - деді ол.
Қоғамдық ұйымда 10-ға жуық адам жұмыс істейтін болады, деп түсіндірді БҒМ-де. Болашақта обсерватория жеке компания ретінде зерттеу мен бақылау жүргізумен айналысады.
«Қазақстандағы инновацияның барлық үрдістерін бақылап отыратын алаңның құрылуын маңызды мәнге ие. Обсерватория Үкіметке есеп береді. Үкімет сол арқылы инновацияны дамытудың келесі қадамдарын анықтайды. Сондай-ақ, обсерваторияның құрылуы Қазақстандағы инновациялық экожүйені күшейтуе мүмкіндік береді. Жобаны басқару тобының бас менеджері әр мемлекеттің инновациялық жүйесінің ұлттық ерекшелігі болғандықтан, қазіргі уақытта обсерваторияны құрудың жан-жақты сұрақтары талқыланып жатқанын атап өтті. «Бүкіләлемдік банктің кеңесімен жұмысқа тартылған халықаралық кеңесші обсерваторияның дизайнын ұсынды. Қазіргі уақытта инновациялық обсерваторияның құрылымын жасап жатырмыз», - деді Б.Ерешев.
Ақбота Күзекбай
Видео: Азамат Әлиев
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады