- Басты
- Жаңалықтар
- Сарыағаш ауданында биыл 9 мың тоннаға жуық жүзім жиналды
Сарыағаш ауданында биыл 9 мың тоннаға жуық жүзім жиналды
Шаруалар орташа есеппен жүзімнің әрбір гектарынан 48,9 центнерден өнім алған. Ал биыл тамшылатып суару тәсілі енгізілген 450,7 гектар жүзімнің 283 гектар алқабы 1698 тонна өнім беріпті. Яғни, бағбандар жүзімнің әр гектарынан 70 центнерге дейін өнім жинаған. «Жүзімнің өнім беру мерзімі төртінші жылдан басталатынын ескерсек, аталған өнімділік жақсы көрсеткіш болып саналады» дейді сарыағаштық диқандар.
Жалпы бүгінде Сарығаш ауданында 1871 гектар алқапта жүзім өсіріледі. Оның ішінде 1420,3 гектары ескі, 450,7 гектары жаңа заманауи технология яғни тамшылатып суару тәсілі бойынша егіліпті. 450,7 гектар жаңа заманауи технология бойынша егілген жүзімнің 92,7 гектары асханалық, 358 гектары техникалық сорттар саналады. 2017 жылы ауданда 60 гектар егістік жерге тамшылатып суару тәсілі ендірілген.
Алдағы жылы аудандағы жүзімнің көпжылдық екпелерінің көлемі 1931 гектарға жетеді деген жоспар бар. Оның 563,7 гектары тамшылатып суару тәсілі енгізілген жүзім алқаптары болады деп күтілуде.
Бүгінде Сарыағаш ауданында жалпы көлемі 647,39 гектарды құрайтын 2530 жылыжай бар. Биылдың өзінде өңірде жалпы көлемі 56,39 гектарлық 82 бірлік жылыжай салынған.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты