- Басты
- Жаңалықтар
- Ғылымды дамыту: Қазақстан БОЕЛ-ге енуі үшін не істеуі керек (ВИДЕО)
Ғылымды дамыту: Қазақстан БОЕЛ-ге енуі үшін не істеуі керек (ВИДЕО)
«Ғылымды дамыту кез келген қоғамды дамытудың басты көрсеткіші. Кей елдер ешбір ресурстарға ие болмай отырып, ғылым мен білімнің нәтижесінде мықты экономика қалыптастырды. Бізде мұнай және өзге пайдалы қазба байлықтары бар, алайда олардың да таусылатын уақыты жетеді. Сондықтан, Президент біздің алдымызға инновацияға негізделген экономиканы қалыптастыруды тапсырды. Бізде әлеует бар, оны дамытуға тырысудамыз. Ғылым экономика үшін жұмыс істеуі үшін жаңа әдістер керек. Аталмыш жоба, ғалымдардың экономикаға жұмыс істеуін қамтамасыз етеді», - деді Болатбек Әбдірасілов.
Спикер айтып өткендей, бүгінгі таңда заманауи ғалымдардың жаңа ұрпағы қалыптасуда.
«Қазіргі заманғы ғалымдар докторлық бағдарламалар аясында ЖОО базында дайындалады. Біз заманауи ғалымның бейнесін көрдік, ол ағылшын тілін жетік меңгерген, кез келген жаңалықты игеріп кете алатын, шетелдік конференциялардың тізгінін ұстай алатын, халықаралық ғылыми кеңістікте жұмыс істей алатын тұлға», - деді ол.
Бүгінде Білім және ғылым министрлігінде 2025 жылға дейінгі ғылымды дамыту бағдарламасы әзірленуде.
«Біз бағдарламада негізгі бағыттарды анықтадық. Бұл – Қазақстанның БОЕЛ сынды халықаралық консорциумдарға енуі. Біз адрондық коллайдерлер ЦЕРН құрамында екенін білеміз. Ол – Берндегі орталық еуропалық лаборатория. Біз басымызды сұға алмайтын ғылыми орталықтар көп. Заманауи зерттеулерге қосылу үшін аталмыш консорциумдарға қосылуымыз керек. Сондықтан, біздің елде аталмыш бағыт бойынша жұмыс істеуіміз керек», - деді Б.Әбдірасілов.
Ақбота Күзекбай
Видео: Азамат Әлиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды