- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандылық жоо ЭКСПО-2017 көрмесінің 105 жобасын іріктеп алды
Қарағандылық жоо ЭКСПО-2017 көрмесінің 105 жобасын іріктеп алды
«Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің қоғамдық-саяси тұрақтылық және білім, ғылым және инновациялар интеграциясы орталығы ретінде тұрақты қалыптасуы жоо даму стратегиясының мақсаты болып табылады. Тұрақты даму тұрақты энергетикасыз мүмкін емес. Инновациялар, жаңа идеялар, стандартты емес шешімдер «жасыл» экономика принциптерін дамыту жөніндегі ауқымды міндеттерді іске асыру үшін жаңа серпін береді», - деді Б. Жәутіков.
Ректор хабарлағандай, көрмеге бару кезінде шетелдік әріптестермен тікелей балынс орнатылып, ғылым мен білім саласындағы жаңа халықаралық байланыстардың негізі қаланған.
«ЭКСПО-2017 объектілеріне бірнеше рет барып және ҚР экономикасына шет мемлекеттердің технологияларын енгізу үін іріктелген 105 жобаны зерттеп, университет ғалымдары бірқатар энергия тиімді шешімдерді таңдады, олар бойынша бізбен Ресей, Польша, Беларусь, Австрия, Германияның ғалымдары жұмыс істеуге дайын. Бұл энергия үнемдейтін жылыту жабдығы, электрмен жабдықтаудың «ақылды» желілері, күн заряд модульдері, көгілдір отын», - деп атап өтті Б. Жәутіков.
Оның мәліметінше, ҚМИУ-да өзекті білім технологияларын енгізу және цифрлық оқу өндірісін құру үшін кеңейтілген базалық алаң бар. Интерактивті жабдығы, бейнебайланысы, заманауи компьютерлік паркі, бағдарламалық-аппараттық кешендері бар аудиториялар бар.
«ҚМИУ базасында 3D инжиниринг зертхана-фабрикасы құрылуда, онда білім алушылар 3D-объектілерді құрудың толық циклы бойынша практикалық білім алады», - деді Б. Жәутіков.
Сондай-ақ ол «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қарағанды облысында алғаш рет Cisco академиясы құрылғанын айтып өтті.
«Университет ұжымы осымен тоқтамай, одан әрі белсенді жұмыс атқаруға дайын», - деп қорытындылады ректор.
Қайрат Жандыбаев
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек