- Басты
- Жаңалықтар
- Кедендік одақ Қазақстанға бажсыз ұшақ импортын 2019 жылға дейін ұзартты
Кедендік одақ Қазақстанға бажсыз ұшақ импортын 2019 жылға дейін ұзартты
«2013 жылдың 25 қыркүйегінде жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшылары деңгейінде Қазақстан мен Беларуське азаматтық әуе қатынасы ұшақтарының бажсыз импортын 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзарту туралы келісіміне қол жеткізілді», - дейді вице-министр.
Оның айтуынша, бұл ұлттық әуе компанияларына ұшақ паркін модернизациялауға және әлемдік әуе қатынасы бәсекелестігінде өз деңгейлерін көтеру бойынша кешенді жоспарларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Жақсылықов Ресей Федерациясы өзіндік ірі өнеркәсібіне иелік ете отырып аталмыш нарықты импорттан барынша сақтауға ерекше ықылас танытып отырғанын айтты. Тараптар елдердің өзара мүдделері сай келгендіктен ұшақтарды бажсыз импорттау туралы келісімге қол жеткізді.
Айта кету керек, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысы барысында КО елдері аумағына ортамагистральді ұшақтарды бажсыз тасымалдау туралы келісімге қол қойылды. Және де бажсыз тасымал мерзімі ұшақтардың түріне байланысты. 50-300 кісілік азаматтық авиация ұшақтары мерзімі 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін болса, 110-300 орындық ұшақтар мезімі 2019 жылдың 1 шілдесі деп көрсетілген.
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
Қазақстандағы COVID-19: қазіргі эпидахуал, вакцинация, жыл соңына дейінгі болжам -
Пандемияға бір жыл: Қазақстанға қалай әсер етті -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты -
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ