• Басты
  • Қазақстанның 4 облысын ескі көліктерді жергілікті жерден қабылдайтын мобильді бекет қызметі аралайды
24 Қазан, 2017 12:54

Қазақстанның 4 облысын ескі көліктерді жергілікті жерден қабылдайтын мобильді бекет қызметі аралайды

ҚР Энергетика министрлігінің бастамасымен «ӨКМ Операторы» ЖШС Тозығы жеткен көліктерді жергілікті жерден қабылдаудың мобильді бекетін іске қосуды қолға алды.
Қазақстанның  4 облысын  ескі көліктерді жергілікті жерден қабылдайтын мобильді бекет қызметі аралайды | Strategy2050.kz

2017 жылдың 30 қазаннан бастап әлеуметке арналған «Мобильді қабылдау бекеті» қызметін бастайды. Жылжымалы қабылдау бекеті Қарағанды, Ақмола, Павлодар және Алматы облысы бойынша қызмет етеді.

Шара аясында жеті бірдей елді мекен тұрғындары ескі көлігін (тек жеңіл автокөлік) тұрғылықты жерден өткізетін мүмкіндікке ие болады. Автокөлік иелері бір терзе қағидасы бойынша машинасын ақшалай немесе жаңа көлік сатып алуға берілетін жеңілдік сертификатына тапсыра алады. Сонымен қатар мобильді бекет жобасы аясында Ұлы отан соғыс ардагерлері мен мүгедек (І-топ) жандар үшін арнайы мобильді топ жұмыс істейді. Яғни, аталған санаттағы азаматтар көлігін үйден шықпай өткізе алады.  

Елді мекен аумағына жиналған көліктерді тұрақты қабылдау орнына жеткізуді ӨКМ Операторы өзі жүргізеді. Ескі көліктерді жеңілдік сертификатына ауыстыру Бағдарламасының талабын халыққа түсіндіріп, қандай отандық автокөлікті алуға болатындығын  таныстыру мақсатында қазақстандық автоөндіруші өкілі топ құраманда бірге жүретін болады.   

Жобаның басты мақсаты – ескі көліктерді жоюға тапсыру бағдарламасын  шалғайдағы елді мекендерде жүргізу. Жергілікті жерден қабылдау акциясы зейнеткерлер мен мүгедек жандар үшін қолайлы екендігін көрсетіп отыр. Бұған дейін мобильді бекет қызметі Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облысындағы елді мекендерде ұйымдастырылды. Өткізілген шара халыққа тиімділігін көрсетіп, әлеуметтік маңызға ие болды.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды