• Басты
  • 2020 жылға қарай Павлодар облысындағы ауылдық елді мекендер су жүйесімен қамтылады
24 Қазан, 2017 15:59

2020 жылға қарай Павлодар облысындағы ауылдық елді мекендер су жүйесімен қамтылады

2020 жылға қарай Павлодар облысындағы ауылдық елді мекендердің 40%-дан астамы орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етіледі. Аймақ басшысы Болат Бақауов ҚР Парламенті Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму Комитетінің көшпелі отырысында осылай деп мәлімдеді.
2020 жылға қарай Павлодар облысындағы ауылдық елді мекендер су жүйесімен қамтылады

 « 2011-2012 жылдары 39 ауылда су қорларын барлау жұмыстарыны уақтылы жүргізілмей, 2013-2014 жылдарға қалдырылды. Екншіден, сол кезде нақты барланған су қорларының болмауына байланысты ЖСҚ-ын құрастыруды қаржыландыру мүмкін болмады. Сондықтан, 2012-2015 жылдары әр жыл сайын жаңа екі жоба бойынша ғана тапсырыс беріліп келді. Үшіншіден, Беловодск және Май топтық су құбырлары жүйесін қайта құру жұмыстары ұзаққа созылып кетті. Бұл жерде, жергілікті атқарушы органдардың да кінәсі бар. Топтық су құбырының құрылысы кезінде ауданның халқы 3 мың адамға кеміді. Сонымен бірге, 7 ауылдық елді мекен есептен шығарылды», - деді Б.Бақауов.

Өткен жылдан бері ауылдарға су тарту жұмыстары белсенді жүргізіле бастады. Қазіргі кезде 125 ауыл үшін 25 жылға жетерлік су қоры барланды. Жылдың соңына дейін билік органдары тағы да 24 ауылға, 2018 жылы – 22 ауылға, 2019 жылы – 34 ауылға қажетті су қорын бекітіп беруді жоспарлап отыр.

«Соңғы екі жыл ішінде облыстық бюджеттен ЖСҚ құрастыру үшін 500 миллион теңге бөлінді, – деді аймақ басшысы. – 26 мың тұрғыны бар Баянауыл ауданы үшін су тарту мәселесі аса қиын боп тұр. Оның себебі – бұл аймақтың жері тасты  болуында. Алайда, бұл қиындықтарға қарамастан мемлекет басшысы, үкімет және парламент депутаттарының қолдауының арқасында бұл мәселе де шешімін тапты. Қазіргі кезде Баянауылда су құбырын жүргізу жұмыстары ғана емес, облыстағы тағы да 23 ауылды сумен қамту үшін 9,3 миллард теңге бөлінді. 11 ауылдағы жұмыс биыл аяқталса, қалған 12 ауылдағы жұмыстар келесі жылы жалғастырылады. Жыл соңына дейін облыстың 40 мыңға жуық тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылып, 335 км жаңа су желісі салынады деп күтілуде. Осының арқасында сумен қамту көрсеткіші 20,5 %-дан 22,8 %-ға дейін өседі», - деді Б.Бақауов.

Келесі жылы 19 ауылды сумен қамту жұмыстарына 8,5 миллиард теңге бөлінді. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың қазан айында Құрылыс істері жөніндегі Комитетке тағы да 3 ауылға су тарту бойынша дайын жобалар тапсырылды. Оларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінген.

2019-2020 жылдарға қарай ауылдарды сумен қамту бойынша 30 жоба құрастырылып жатыр, – деді Болат Бақауов. – Жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде ауылдарды сумен қамту көрсеткіші 2018 жылы – 27,1 %, 2019 жылы – 36,5%, 2020 жылы – 40,7%-ы құрайтын болады. Біз 2020 жылға дейін қай ауылдарда жұмыстар жүргізілетінін белгілеп қойдық. Бірінші кезекте 20 тірек елді мекенге басымдық беріледі. Бұл ауылдардағы ірі кәсіпорындар, шаруа қожалықтары су құбырларын сенімгерлік басқаруда ұстап, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізе алады. Санитарлық нормаларға сай келетін су көзі бар ауылдарда тұрғындар үшін жағдай жасап, суды үйлеріне дейін тартып бердік. Кейбір ауылдарда сапалы ауыз суға қол жеткізу үшін түрлі экономикалық тиімді шешімдер іздеу қажет.

Сөзінің соңында аймақ басшысы депутаттарға өздері сайланған «туған» өлкесі үшін ғана емес, республикалық көлемде күрделі мәселелерді шешу кезінде қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды