- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында «Пробация үйі» пилоттық жобасы іске қосылды
Ақтөбе облысында «Пробация үйі» пилоттық жобасы іске қосылды
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында, жұмыспен қамту орталықтарына мерзімді жазасын өтеп шыққан 334 азамат келіп, олардың 217-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал, қалғаны қысқамерзімді курстарда, жеке кәсіпкерлік негізі бойынша оқудан өтуде. Олардың арасында мал шаруашылығымен айналу үшін несие алғандар да бар.
Биыл Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастырумен еңбекпен түзеу мекемелерінің үшеуінде 5 рет кездесу өтті. Онда аталған орталық мамандары сотталған азаматтарға әлеуметтік қорғау органдары арқылы жұмысқа орналасудың, кәсіптік қайта даярлаудың тәртібі туралы ақпарат берді.
Еске сала кетсек, Елбасының Ұлт жоспарының «Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру» аталатын 33-ші қадамын жүзеге асыру бойынша елімізде алғаш рет облыста «Пробация үйі» пилотты жобасы енгізілген болатын.
Нәтижесінде, күнделікті қабылдау арқылы облыс орталығындағы барлық есепте тұрған азаматтар әлеуметтік-құқықтық көмекпен қамтылды. Сонымен қатар, сәйкес жұмыс өңір аудандарында да жүргізілді.
Жуық арада «Пробация үйі» жобасының екінші кезеңі жүзеге аса бастайды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді