- Басты
- Жаңалықтар
- Жапондық ғалымдар Алаш қозғалысының тарихын зерттеуге мүдделі
Жапондық ғалымдар Алаш қозғалысының тарихын зерттеуге мүдделі
«Алаш идеясы қазіргі Қазақстанның даму бағытымен өзектес.Тарихи тұлғаларымыз мен ұлттық құндылықтарымызды қастерлеу бағытында іс-шаралар жүргізілуде. Елбасының рухани жаңғыру идеясына сəйкес, облысымыздағы 6 тарихи орын Қазақстанның сакральды жерлерінің тізіміне енді. Олардың қатарына Бөкей ордасы тарихи-музей кешені, Жұмағазы хазірет қорымы, Сырым ауданындағы Алашорда музейі, Теректі ауданындағы Тақсай кешені енді. Алаш қозғалысына 100 жылдығына байланысты жан-жақты зерттеу жұмыстары қолға алынуда», - деді конференцияның маңыздылығына тоқталған облыс əкімі Алтай Көлгінов.
Жапониядағы Хоккайдо университетінің славьян-евразиялық зерттеу орталығының профессоры, доктор Уяма Тамахико Алаш автономиясының құру идеясына тоқталса, РҒА Ресей тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, профессор, заң ғылымдарының доктор Василий Христофоров Алаш қозғалысының кеңестік "Шығыс" ұлттық ұйымымен байланысын баяндады.
Конференцияда ғалымдар зерттеу жұмыстарының жаңа нəтижелерін ортаға салады деп күтілуде жəне олармен бірге жергілікті өлкетанушылар, ардагерлер жəне ЖОО оқытушылары мен студенттері Алашорда үкіметінің методологиялық ұстанымдарына қатысты зерттеудің, тарихи жылнаманың, деректанудың өзекті мəселелерін талқыламақ.
Конференция ертең Ресейдің Орынбор қаласында жалғасады.
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Алаштың Ахаңы: өмір жолы мен өміршең идеялары -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім -
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті -
«Спутник-V» вакцинасы: Аргентина, Венесуэла тұрғындары салдырды, ғалымдар тиімділігін дәлелдеді -
Еліміздің тәуелсіздігіне жол салған «Алашорданың» құрылғанына 100 жыл -
Қазақстандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцина әлемдегі үздік 200 вакцина қатарына кірді -
Жанкент қалашығының аумағында археологиялық парк салынбақ -
Б. Сапарбаев: Біз қасиетті Әулиеата жерінің бай тарихын құрмет тұтуымыз керек -
Ғалымдар төтенше жағдай кезінде фермерлерге арналған онлайн-кеңес өткізуде -
Қазақстандық ғалымдардың коронавируспен күресуге барлық мүмкіндігі бар – Е.Әбдірайымов -
Кәсіпкерлер ауыл шаруашылығын дамытуға мүдделі