• Басты
  • Жаңалықтар
  • КО пайда болғаннан кейін ҚР-на тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 34 пайызға өсті – Т. Жақсылықов

КО пайда болғаннан кейін ҚР-на тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 34 пайызға өсті – Т. Жақсылықов

13 Қаңтар, 2014 12:55
ҚР-да КО пайда болғаннан бастап ҚР-на құйылған шетелдік инвестиция көлемі 34% өсті. Бұ туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылыов мәлімдеді.

«Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне тікелей шетелдік инвестициялар көлімінің өсуі осының көрсеткіші болып табылады. Мәселен, Кеден одағы құрылған сәттен бастап Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібіне тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 88 пайызға - 2009 жылғы 1,8 млрд. АҚШ долларынан 2012 жылы 3,4 млрд. АҚШ долл. ұлғайды.

Бұл ретте, тікелей инвестицияның жалпы көлемі жоғарыда аталған кезеңде 34% пайызға - 21,4 млрд. АҚШ доллардан 28,3 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.

«Тауар жылжуына, Бірыңғай экономикалық кеңістік қызметі мен жұмыс күшіне  байланысты қазір  кедергілерді алу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік бизнестің транзакциондық кедергісін шектейді. Кедендік жоспарлау бойынша әріптес елдер құрамына кедергісіз тауар айналым жүреді», - деді ол. 

Барлық жаңалықтар