• Басты
  • Еліміздің барлық сот процестерінің мониторингі: Жоғарғы соттың Ахуалдық орталығы қалай жұмыс істейді (ВИДЕО)
24 Қазан, 2017 09:32

Еліміздің барлық сот процестерінің мониторингі: Жоғарғы соттың Ахуалдық орталығы қалай жұмыс істейді (ВИДЕО)

ҚР Жоғарғы сотының Ахуалдық орталығы соттардың қызметін онлайн-режимде мониторингілеудің бірыңғай жүйесі болып табылады және өзекті сот ақпаратына талдау жүргізуге мүмкіндік береді. ҚР ЖС жаңа Ахуалдық орталығының қалай жұмыс істейтіні жайында осы орталықтың басшысы Салтанат Смағұлова Strategy2050.kz АА тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.
Еліміздің барлық сот процестерінің мониторингі: Жоғарғы соттың Ахуалдық орталығы қалай жұмыс істейді (ВИДЕО)

«Ахуалдық орталықта негізгі 4 блок бойынша топтық көрсеткіштер мониторингілеу мен талдауға жатады, олар: іс жүргізуді және сот жұмысын мониторингілеу, «Төрелік» мониторинг жүйесі, ақпараттық қауіпсіздік мониторингі және сот отырысында аудио-видеотіркеуді қолдану, сондай-ақ республика бойынша сот залдарының мониторингі», - деді С. Смағұлова.

Іс жүргізу және сот жұмысының мониторингі бойынша іс жүргізу мерзімдерін сақтау, хат-хабарларды тіркеу, сондай-ақ талап өтініштерді, істер мен соттардағы материалдарды бөлу бойынша талдау жүргізіледі.

Ахуалдық орталық мәліметі бойынша, бүгінгі күні республика соттарында 1418 сот залы бар. Олардың барлығы аудио-видеотіркеумен жабдықталады.

«Аудио-видеотіркеу арқылы біз барлық сот залдарына мониторинг жүргіземіз. Қазақстан бойынша жалпы 371 сот бар. Жалпы сот залдарының саны 1418 құрайды. Ахуалдық орталық ашылған сәттен бастап барлық кемшіліктерді орындарында жоюға тырыстық», - деп атап өтті ол.

ҚР Жоғарғы сотының Ахуалдық орталығы ТМД-да алғашқы және әзірше жалғыз орталық болып табылады.

«2016 жылы ҚР ЖС жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті, Жоғарғы соттың басқа делегациясы Сингапурде болды. Онда біздің делегация елдің Ахуалдық орталығының жұмысымен танысты. Олардың мақсаттары мен міндеттері біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізден ерекшеленеді. Ахуалдық орталық бағдарламасын отандық әзірлеушілер дайындады», - деп түсіндірді орталық басшысы.

Салтанат Смағұлова ақпараттандырып өткендей, ахуалдық орталықта сотқа түсетін барлық хат-хабарлар бір күн ішінде мониторингтік талдауға жатады.

Ахуалдық орталықта қазіргі уақытта 6 оператор жұмыс істейді. Олардың барлығы мониторинг пен талдау бойынша жұмыс істейді.

«Ахуалдық орталықтағы барлық ақпарат «Төрелік» ақпараттық жүйесінен түседі. Операторлар – ҚР Жоғарғы сотының үлкен тәжірибесі бар қызметкерлері», - деп қосты Ахуалдық орталықтың басшысы.

Сонымен қатар, Орталық Қазақстандағы криминогендік жағдай бойынша әр түрлі талдаулар жүргізеді.

«Қандай облыстарда қылмыстық істер анықталғанын және істер қандай баптар бойынша қаралғанын, қарау нәтижелерін және қылмыстың қайталануын көріп отырмыз. Мысалы, ШҚО-да - 5209, ОҚО-да - 4632, Алматы қаласы бойынша – 4561, Қостанай қаласы бойынша – 4295 қылмыстық іс қаралған», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ ҚР ЖС Ахуалдық орталығының басшысы деректердің негізінде қылмыскердің портретін де жасауға болатынын айтып берді.

Осылайша, орталықта қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерге талдау жүргізуге болады. Ақпараттық қауіпсіздік жоғары деңгейде. ҚР ЖС Ахуалдық орталығының базасында Ақпараттық қауіпсіздікті басқару орталығы (Security Operation Center) құрылған. Бұл орталық ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйіне мониторинг жүргізеді.

Ақбота Күзекбай

Видео Азамат Әлиев

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды