• Басты
  • ОҚО-да нақтыланған бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталған
24 Қазан, 2017 08:43

ОҚО-да нақтыланған бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың кезекті 15-ші сессиясында облыстың осы жылғы бюджеті 511,4 млрд. теңге болып нақтыланды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

ОҚО-да нақтыланған бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталған | Strategy2050.kz

Сессия отырысында сөз алған облыс әкімі Ж.Түймебаев облыстың бюджет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 25,7 млрд. теңгеге өсіп, бөлінген қаржының басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталғанын атап өтті.

«Бөлінген қаржылар есебінен биыл 20 медициналық пункттердің мәселесі шешілетін болады. «Өрлеу» жобасы аясында 58 546 аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдауға қосымша 1,7 млрд. теңге бағытталуда. Сонымен бірге, білім беру нысандарының құрылысына 1 млрд. теңгеге жуық қосымша қаржы қарастырылып отыр. Жалпы ағымдағы жылы 30 мектепті пайдалануға беру жоспарланған болса, бүгінгі таңға 24-нің құрылысы аяқталды. Баспана мәселесіне де назар аударылып отыр. Шымкент қаласында 2 478 пәтерлі 29 кредиттік тұрғын үйдің құрылысын бастауға 2,3 млрд. теңге бөлінуде», - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, облыс әкімі биыл 3 автоматты газ тарату станциясының құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып жатқанын ол үшін тиісті қаржылар толығымен қарастырылғанын жеткізді. Осының нәтижесінде, алдағы уақытта Арыс, Кентау қалалары мен Ордабасы, Отырар аудандарындағы 137 елді мекендегі 325 мыңға жуық тұрғындар табиғи газбен қамтамасыз етілмек.

Мәжілісте 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау бойынша баяндама жасаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Сабитов өңір бюджетінің қандай бағыттарға бөлініп жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, жалпы бөлінген қаржының 1 млрд 189 млн теңгесі білім беруді дамыту және білім беру ұйымдарын күтіп-ұстауға, ал денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мен денсаулық сақтау саласын дамытуға 705,2 млн. теңге бағытталған.

«Ауыл шаруашылығы тауар өндірушідерінің тұқым және асыл тұқымды мал алуға өтінімдерінің ұлғаюына байланысты жалпы 1,7 млрд. теңге субсидия жоспарлануда. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым саласы бойынша 3 нысанның құрылысын жалғастыруға 443,5 млн. теңге қарастырылуда. Жылумен қамтамасыз ету саласы бойынша 1 нысанның құрылысын жалғастыруға 100 млн. теңге көзделуде. Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 4 нысанның құрылысын жалғастыруға және 2 нысанның құрылысын аяқтауға 1,2 млрд. теңге. Электрмен қамтамасыз ету бойынша 13 нысанның құрылысын аяқтауға және 1 нысанның құрылысын жалғастыруға 390,9 млн. теңге бағытталуда. Табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 11 нысанның құрылысын жалғастыруға және 3 нысанның құрылысын аяқтауға жалпы 3,1 млрд. теңге жоспарлануда. Облыстық және аудандық маңызы бар 6 автомобиль жолдарынының жөндеу жұмыстарына және 9 нысанның ЖСҚ-н аяқтауға 510,3 млн. теңге бағытталуда», - деді басқарма басшысы.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды