- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда көлік шығару көлемі 3 есеге артты
Қазақстанда көлік шығару көлемі 3 есеге артты
Бұл орайда отандық автокөліктерді сатып алушылардың тек 8%-ы ғана жеңілдікті автонесиені пайдаланған. Бірақ жылдың соңында олардың үлесі мемлекеттік бағдарлама аясында бөлініп отырған транш есебінен артуы тиіс.
««Қазавтопром»-ның өнімдеріне деген қызығушылықты ескі көліктерді жою бағдарламасы да қолдайды: есептік тоқсанның өзінде сатып алушылардың 6%-ы өздері алған жеңілдікті сертификаттың арқасында ақшаларын үнемдеді», - деді О.Алфёров.
III тосқанда отандық автокөліктерді шетелдік нарыққа шығару да жалғасты: олардың жалпы көлемінің 82%-ын КХР-ға экспортталып жатқан өскемендік жол талғамайтын көліктер құрады. Қалған 18% техника Ресейге, Беларусь пен Тәжікстанға тасымалданып жеткізілген.
«Үш тоқсанның қорытындыларын түйіндей отырып, саланың ІЖӨ-ге қосқан үлесі 39%-ға артқанын және фармакологиялық өндіріс пен жеңіл өнеркәсіптің осындай сандық көрсеткіштерінен анағұрлым асып түскенін атап өту керек. IV тоқсанда бұл үдеріс сақталады, жыл қорытындысы бойынша заттай көріністегі өндіріс көлемі екі еселенетін болады», - деді ол.
Есеп беру кезеңінің қорытындылары бойынша Қазақстан аумағында жалпы құны 101,4 млрд теңгеге 13 312 бірлік автокөлік құралдары (жеңіл, жүк таситын, автобус техникасын, арнаулы машиналар мен тіркемелерді қоса алғанда) жасап шығарылған болатын. Заттай мағынада шығару көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 3 есеге асып түсті. Жеңіл автомобильдерді жасап шығару 11 575 бірл. мәніне жетіп, 3,9 есеге өсті.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет