• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Үкіметінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының орындалу барысы қаралады

ҚР Үкіметінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының орындалу барысы қаралады

13 Қаңтар, 2014 12:42
Ертең, 14 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының орындалу барысы қаралады, деп мәлімдеді ОКҚ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.

«14 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының орындалу барысы қаралады», - дейді А.Әбибуллаев.

Бағдарламаның орындалу барысы жайлы Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлімдейтін болады.

Сонымен қатар, селекторлық режиммен өтетін жиынға облыс және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері қатысады.

 

 

Барлық жаңалықтар