• Басты
  • Мәжілісте АӨК-ті дамыту карталары таныстырылды
23 Қазан, 2017 16:27

Мәжілісте АӨК-ті дамыту карталары таныстырылды

АӨК-ті әрі қарай дамыту үшін маңызды мәселелер анықталып, жүйеленген нақты индикаторлары Карта түрінде әзірленді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде «АӨК-ті дамыту Карталары – ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау» тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов мәлімдеді.

Мәжілісте  АӨК-ті дамыту  карталары таныстырылды | Strategy2050.kz

«Даму Карталары негізгі мәселелерге толық қанды талдау жүргізіле отырып жасалып, дамыту бойынша келесі нақты шаралар қарастырылған:ауыл шаруашылығы кооперациясы; аграрлық қайта өңдеу; АӨК-ні қарқынды техникалық қайта жарақтандыру; тұқым шаруашылығы;фитосанитариялық іс-шаралардың тиімділігін арттыру; агрохимия; азық өндірісі (азық теңгерімі);көтерме-тарату орталықтары; егістікті айналымға тарту;шалғайдағы қой шаруашылығы; аграрлық ғылымды түбегейлі жаңғырту;сиыр еті өндірісі; мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру», - деді А.Мырзахметов.

АӨК-ті әрі қарай дамыту үшін маңызды мәселелер анықталып, жүйеленген нақты индикаторлары Карта түрінде әзірленді.

Мәселен, ауыл шаруашылығы кооперациясы Картасы қабылданып, оны іске асырудың арқасында ағымдағы жылы мал шаруашылығында алғашқы нәтижелерге қол жеткізілді. Мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 3,3 %-ға: ет өндірісі 5,7%-ға, сүт өндірісі 2,8%-ға ұлғайды.

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 56 мыңнан аса жеке қосалқы шаруашылық пен ұсақ шаруа қожалықты қамтыған 745 кооператив құрылды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар жеке кәсіпкер болып қайта тіркеліп, 5 968 бордақылау алаңын құрды. Аталған бордақылау алаңдарының қуаттылығы – 102,5 мың басты құрайды.

«Аграрлық қайта өңдеуді дамыту үшін егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп, алғаш рет қайта өңдеу кәсіпорындарының Деректер базасы қалыптастырылды», - деді А.Мырзахметов.

Импорт үлесінің жоғарылығын, жүктелмеген қуаттылықты және шикізаттық әлеуетті ескере отырып, қайта өңдеудің 9 басым түрі айқындалды.

Картаға сәйкес 79 жаңа зауыт салу және 80 зауытты жаңғырту керек.

Картаны іске асыру барысында қайта өңделетін өнімдердің жалпы өндірісін 1,9-дан 3 трлн. теңгеге дейін ұлғайтуға және 7 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.АӨК-ті дамытудың өзекті мәселелерінің бірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің техникалық жарақтануы болып табылады.

«Ауыл шаруашылығы техникасының паркіне жүргізілген талдау барысында техникаларды қолдану мерзімі 17 жылдан асып кеткенін көрсетіп отыр. Бұл ретте, аталған тракторларды жөндеу мен жанар-жағармай шығыны 20%-ға өсіп, астық жинау барысында зиянын тигізетінін көрсетті.Картаны жүзеге асыру машина-тракторлы парктерді жаңалау қарқынын арттырып, отандық ауыл шаруашылығы техникаларын өндіру көлімін ұлғайтуға және импорттық техникалар көлемін азайтуға мүмкіндік береді», - деді А.Мырзахметов.

Өкінішке орай, соңғы жылдары астық сапасының жыл сайын төмендеп келе жатқаны байқалады.

Негізгі себебі 2015 жылы элиталық тұқымдарды субсидиялау тоқтатылып, оларды субсидиялау кезіндегі ең төменгі нормалардың белгіленуі болып табылады.

Нәтижесінде себілген элиталық тұқым үлесі 2014 жылғы 6,3%-дан 2016 жылы 3,5%-ға дейін төмендеді.

Тұқым шаруашылығын қолдау және минералды тыңайтқыштар қолдану бойынша қабылданған шаралардың арқасында ағымдағы жылы бұл жағдайды дұрыстай алдық. Биылғы астық түсімінің сапасы өткен жылдың өнімінен бірнеше есеге өсті.

«Тұқым шаруашылығы Картасында субсидиялау механизмін жетілдіру, тауарлы егістерге 1-репродукциядан төмен емес тұқымдарды пайдалануға біртіндеп көшу ұсынылды.Тұқым шаруашылығы Картасын жетілдіре отырып, сұрып алмастыру мен сұрып жаңартуды жылдамдатуға, өнімнің түсімділігі мен сапасын арттыруға және жалпы жиналымға 8,3 млн. тоннаның қосылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - деді ол.

Өздеріңіз білетіндей, Елбасының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап АӨК-ті дамытудың 2021 жылға дейінгі бағдарламасы толық ауқымда іске асырыла бастады.

АӨК үшін мемлекеттік қолдау және Бағдарламаны жүзеге асыру үшін Министрлікте ауыл шаруашылығының басты бағыттары бойынша АӨК-ті дамыту Карталары жасалды.

Сонымен қатар, Картада өсімдіктерді қорғау, агрохимия, жем-шөп өндіру, егістік алқабын ұлғайту, шалғайдағы қой шаруашылығы, көтерме-тарату орталықтары, аграрлық ғылымды жаңғырту мен мемлекеттік қолдау сондай-ақ, АӨК-ті дамытудың әр саласына нақты шаралар қарастырылған.

Қазіргі таңда, Карталар Министрліктің, «Атамекен» ҰКП-ның алаңында, сондай-ақ өңірлерде салалық қауымдастықтар және одақтар, қоғамдық кеңестер, агробизнес және ғылыми ұйымдар өкілдерімен талқыланды және барлық мүдделі тараптарды ескере отырып пысықталды.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды