Солтүстік Қазақстан жұртшылығы қазақ тілінің латынға көшуін талқылады

23 Қазан, 2017 16:13
Солтүстік Қазақстан облысында «Латын қарпіне көшу – рухани жаңғырудың маңызды құндылығы» өңірлік семинары өтті, деп хабарлады ruh.kz.

Кездесуге  М.Қозыбаев атындағы  СҚМУ ұстаздары, қалалық және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  жетекшілері,  «Тілдерді оқыту орталығы»  өкілдері,  «Қызылжар»  білім беру және талқылау  орталығы», ҮЕҰ, партиялар мен  БАҚ қатысты. Сондай-ақ, «Латын әліпбиіндегі мұралар: өткеннің өшпес ізі» көрмесі ұйымдастырылды.

Баяндамашылар:

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының  директоры, тарих ғылымдарының докторы Мәлікова Сәуле Зейнуллинқызы;

«Барбанг» Күрттер қоғамы» республикалық қоғамдық ұйымының Солтүстік Қазақстан бойынша филиалының  жетекшісі;

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің интернацияландыру жөніндегі проректоры;

«Қазақстанның  Коммунистік Халықтық партиясы»  АҰ облыстық комитетінің алғашқы хатшысы, Петропавл қаласының № 32 мектебінің директоры Мартемьянов Сергей Валерьевич;

«Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалының аға оқытушысы Әлжанова Гүлзат Кенжебекқызы;

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенті Богдан Петров.

Семинарға қатысушылар аталмыш тақырып бойынша пікір алмасып, семинарды қорытындылады.

 

 

Барлық жаңалықтар