- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жылдық жоспарын 14 млрд теңгеге арттырды
Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жылдық жоспарын 14 млрд теңгеге арттырды
Жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу жоспары 28,8 млрд. теңге болғанда 53,2 млрд. теңгесомасына бағалы қағаздар сатып алынған.
«Үстіміздегі жылы «Бәйтерек» холдингі тұрғын үйді тікелей қаржыландырудан жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу, сондай-ақ қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартсыз орналастыру арқылы қаржыландыруға көшті», - деді Айдар Әріпханов.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы шеңберінде «Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ағымдағы жылғы 9 айда 195 млрд. теңге жалпы сомасына 29 мың қарыз берген, бұл жылдық жоспарды 14 млрд. теңгеге арттырып отыр.
Тұрғын үй құрылысын іске асыру бағыты бойынша бұған дейін қабылданған бағдарламалар шеңберінде «Бәйтерек девелопмент» АҚ 278 мың шаршы метр жалдауға және кредитке берілетін 4625 пәтерден тұратын тұрғын үйді тапсырды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 111,5 мың шаршы метр қосымша тапсырылатын болады.
«Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ жалдамалы тұрғын үй салу желісі бойынша пайдалануға 159 мың шаршы метр немесе 2 811 пәтер тапсырған. Ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде Қазақстанның ипотекалық компаниясына 7 млрд. теңге сомасына 700 өтініш келіп түсіп, олардың ішінде 6,6 млрд. теңге сомасына 650 қарызды субсидиялау мақұлданған. 2017 жылы 15 млрд. теңге сомасына 1 мың қарыз субсидия беру жоспарлануда, ал 2018 жылы – 105 млрд. теңге сомасына 7 мың қарыз.
Жеке құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағыты бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 16,4 млрд теңге жалпы кредит сомасына жобаларды субсидияландыруды мақұлдаған. Есептік кезеңде жеке құрылыс салушылар екінші деңгейдегі банктерге 39,5 млрд. теңге жалпы сомасына 32 жобаны кредит беруге ұсынды.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген. Ол тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа және бұған дейін 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы сияқты мемлекеттік және салалық бағдарламаларына әрекет еткен тетіктерін біріктірген.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді