- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин: Заңдарды қоғамдық талқылауға ұсыну аса маңызды
Н.Нығматулин: Заңдарды қоғамдық талқылауға ұсыну аса маңызды
Н. Нығматулин өз сөзінде қазіргі ақпараттық саланың күші мен ықпалына және оның Қазақстандағы даму жағдайына айрықша назар аударып, саланы нығайтудың, отандық ақпарат деңгейін көтерудің, коммуникациялық инфрақұрылымды дамытудың басым бағыттарына тоқталды.
Мәжіліс Төрағасы осы өте маңызды мәселеге Елбасы Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында да ерекше көңіл бөлгенін, Ұлт жоспарында да ақпараттық қоғамды дамыту жөнінде нақты міндеттер қойылғанын, бұл міндеттерді орындау үшін Үкімет қазіргі уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан заң жобасын әзірлегенін баса айтты. Палата Спикері:
“Президеніміз әрқашанда маңызды шешімдердің барлығын халықпен ақылдасып қабылдау керектігін айтып келеді. Сондықтан, осы құжат та Парламент Мәжілісінде, қоғамдық ортада кеңінен қаралып, көптеген шаралар өткізілді. Бүгін Атырау облысында кездесіп отырмыз. Атырау – еліміздегі ең ірі мұнайлы және қазыналы аймақ. Бұл жерде әлеуметтік-экономикалық жобалар да табысты орындалып келеді. Және ақпарат саласы да жақсы дамыған. Сондықтан, бүгінгі жиынның мақсаты да жергілікті атқарушы органдардың, аймақтық ақпарат өкілдерінің, блогерлердің, қоғамдық ұйым мүшелерінің ұсыныстарын және пікірлерін білу,-деді ол.
Қазіргі уақытта ақпараттық дамумен қатар, оның қауіпсіздігі де басты назарда екенін ескерген, Мәжіліс Төрағасы әсіресе, ұялы телефон, интернет, компьютер сияқты техникалық жетістіктерге айрықша мән беру керек екенін айтты.
Бүгінгі күні ақпарат қоғамның тірегі, демократияның көрсеткіші, рухани дамудың негізі екенін алға тартқан Н.Нығматулин бүгінгі дөңгелек үстелде айтылған ой-пікірлердің салмақты заң қабылдау үшін рөлі өте зор екенін жеткізді.
Шараға Мәжіліс депутаттары, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен жергілікті БАҚ өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері , сарапшылар мен блогерлер қатысты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек