- Басты
- Жаңалықтар
- Ағымдағы жылғы 9 ай қорытындысы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 69,9 мың тұрғын үй тапсырылған
Ағымдағы жылғы 9 ай қорытындысы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 69,9 мың тұрғын үй тапсырылған
«9 ай қорытындысы бойынша 7,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 10,2%-ға жоғары. Жалпы тұрғын үйді пайдалануға беру жылдық жоспар бойынша 78,2%-ға орындалған. Барлығы 69,9 мың тұрғын үй салынған», - деп хабарлады министр.
Оның айтуынша, егер өткен жылмен салыстыратын болсақ, тұрғын үйді пайдалануға беру қарқынының ұлғаюы Алматы облысын қоспағанда, еліміздің барлық өңірлерінде байқалады. Жеңіс Қасымбек айтып өткендей, бұл өткен жылы өңірде ЖТҚ бойынша тұрғын үйдің ауқымды заңдастырудың жүргізілуімен байланысты.
Сондай-ақ тұрғын үй құрылысы аудандарына қажетті инфрақұрылымды өткізуге 83,4 млрд теңге көзделген.
«Желілермен абаттандыру бойынша қаражаттың төмен игерілуі Алматы қаласында (85,9%), Жамбыл (87%) және Павлодар (88,5%) облыстарында байқалады. Тұрғын үй құрылысына 591,3 млрд теңге инвестицияланған, соның ішінде 108,4 млрд теңге – мемлекеттік инвестиция. Бұдан бөлек, 2018 жылға арналған бюджет бойынша әкімдіктер инженерлік коммуникацияларды өткізуге қосымша 7,1 млрд теңге сомасына жобалар ұсынған», - деп қосты ол.
ҚР ИДМ басшысы ағымдағы жылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 25 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Осы ретте, 5 936 пәтердің құрылысы басталып, оның ішінде 2 697 пәтер биыл пайдалануға беріледі.
«Бүгінгі күні 78 пәтер пайдалануға енгізілген, бұл Атырау және Жамбыл облыстарында 4,9 мың шаршы метр, қалғандары жоспар бойынша жыл соңына дейін енгізілетін болады», - деді Ж. Қасымбек.
Еске сала кетейік, Үкімет отырысында ҚР ҰЭМ басшысы Тимур Сүлейменов ағымдағы жылғы 9 ай қорытындысы бойынша "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы айтып өткен болатын
Ақбота Күзекбай
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады