- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада Ш.Есеновтың мерейтойы аталып өтіледі
Қызылордада Ш.Есеновтың мерейтойы аталып өтіледі
Облыс әкімдігі хабарлағандай, облыс орталығында өткен шаралар ғалымның бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталып, «Қазақстанның кен ресурстары: игерілуі, даму барысы мен болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясымен жалғасты.
Конференцияда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Шахмардан Есеновтің қазақстандық геология-минералогия ғылымына қосқан еңбегін атап өтті.
«Шахмардан Есенов Ғылым Академиясын басқарып тұрған кезеңдерде Сыр өңірінің жер асты қазба байлықтарын барлауды қолға алу қажеттігін батыл дәлелдеді. Бүгінде қорғасын мырышты өндірумен айналысатын «Шалқия кенішінің», «Құмкөл» мұнай кенішінің, Аралдағы өте жоғары сапалы кварц құмы кен орнының ашылуына зор еңбек сіңірді. Бұған қоса аймақта алтын мен күміс те бар екендігін алғаш ғылыми дәйектеген де Шахмардан Есенов болды. Міне, қазақтың маңдайына біткен асыл да, атпал азаматтың бастамасы бүгінде Сыр өңірінде кеңінен қанат жаюда. Аймағымыз «Хорасан-2» кенішінде жерасты қазба байлығын өндіруде айтарлықтай табысқа жетіп келеді. Уран өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындардың бірі - «Байкен-U» ЖШС-і кәсіпорнында бүгінде 497 адам жұмыс жасауда. «Шалқия» кенішінде 500-ге жуық адам еңбек етіп жатыр. Өндіріс орны тоқырап қалған тұста өзге өңірлерге көшіп кеткен мамандар елге қайта оралуда. Таяу арада кәсіпорын толықтай іске қосылған кезде мұнда 1540 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады», - деді аймақ басшысы.
Қайраткер рухын ұлықтаған шарада ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг институтының проректоры Гүлсара Жолдасбаева және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары Ш.Есеновтің қазақ ғылымы үшін қыруар еңбек сіңірген тұлға екендігін атап өтті.
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми орталық кітапханасында қайраткердің өмір жолы мен еңбектеріне арналған "Өнегелі өмір" және "Шахмардан" кітаптарының тұсаукесері өтті.
-
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі -
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды -
«Жыр алыбы-175»: Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылатын шаралар -
Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті -
«Астана Операда» Абайдың 175 жылдық мерейтойы атап өтіледі -
Egemen Qazaqstan 100 жылдық мерейтойын атап өтті -
Қызылордада менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған орталық ашылды -
Түркістанда Рухани келісім күні аталып өтті -
Жолдау–2019: Қызылордада индустрияландыру бағдарламасы қалай жүзеге асады -
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды -
Президент Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде өткізуді тапсырды -
Алматы декларациясының 40 жылдығы Астанада аталып өтеді -
Қызылордада медицина орталығы ашылды -
Қызылордада күріш жармасынан ешқандай химиялық қоспасыз чипсы шығарылады