- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР АШМ: ағымдағы сәтте 759 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған
ҚР АШМ: ағымдағы сәтте 759 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған
«Бүгінгі күні 759 бірлік тіркелген, соның ішінде сүт дайындау бойынша - 270 бірлік және ет өндіру мен дайындау бойынша - 371 бірлік. 102 587 ІҚМ басына арналған отбасылық бордақылау алаңдары құрылған. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тауар өндірісіне 56 мың ЖҚШ мен ұсақ шаруа қожалықтары тартылған. Кооперативтер 44 мың тоннадан астам сүт және 13 мың тонна ет дайындаған, 1,0 мың тоннаға жеміс-көкөніс өнімін дайындау бойынша инфрақұрылым жасалған», - деді Қ. Айтуғанов.
Бірінші вице-министрдің айтуынша, бұл биылғы жылы сүт өңдеу кәсіпорындарының орташа жүктемесін 60-тан 65%-ға дейін, ал ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін 55-тен 60%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
«Кооперативтер жұмыс істейтін кәсіпорындар бойынша, мысалы сүт кәсіпорындары бойынша 64 сүт зауытының жүктемесі 20-25% ұлғайған. Мал шаруашылығы саласында атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша ет өндіру көлемдері - 4,7%, сүт - 2,9%, құс еті - 17,4% және жұмыртқа 4,8% ұлғайған», - деп атап өтті Қ. Айтуғанов.
Оның хабарлауынша, мал шаруашылығы саласындағы өнім өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 3,3% ұлғайған.
Министрліктің мәліметі бойынша, бүгінгі күні дәнді дақылдарды жинау аяқталды. Дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар көлемінің15,3 млн гектары жиналған. Сондай-ақ қант қызылшасын жинау жүргізілуде.
«Басым дақылдар өндірісін қайта бағдарлау сол ауданнан өнімнің жалпы шығарылымын екі есе ұлғайтуға және өсімдік майы бойынша өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін 30-дан 36%-ға дейін, қант бойынша 37-ден 50%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Тұқым шаруашылығын қолдау және минералды тыңайтқыштарды пайдалану бойынша қабылданған шаралар элиталық тұқымдарды пайдалану үлесін 5,2%-ға дейін ұлғайтуға және төмен сапалы тұқымдарды пайдалану үлесін 1,6 есе қысқартуға мүмкіндік берді», - деді Қ. Айтуғанов.
Айта кету керек, ағымдағы жылы үшінші класқа жататын бидай үлесі 63% құрайды, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 44% құраған болатын. Қайрат Айтуғановтың хабарлауы бойынша, мал шаруашылығы саласында субсидиялардың 90 түрі қайта қаралған.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері