- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 9900 орынға арналған тоғыз мектептің құрылысы басталды
Астанада 9900 орынға арналған тоғыз мектептің құрылысы басталды
Жыл сонына дейін әр қайсысы 240 орынға арналған екі балабақша қолданысқа беріледі. Бірі Сарайшық мөлтек ауданында, екіншісі Макаренко, Радищева көше қиылысында орналасқан.
Қазіргі күнде мемлекеттік - жеке әріптестік аясында 1680 орынға арналған алты балабақшаның жобасы жүзеге асырылуда, берілу мерзімі 2019 жыл. Сонымен қатар, жаңадан ашылған 79 жеке меншік балабақшада мемлекеттік тапсырысты орындау аясында 6359 орын ашылады.
Көшпелі кеңес барысында Сарыарқа ауданында орналасқан 1 200 орынға арналған мектеп құрылысының барысы баяндалды. Құрылыстың аяқталуы 2018 жылдың тамыз айы. Ғимарат Күмісбеков - Бигелдинов, Абай мен Сарыарқа даңғылы аймағында орналасқан.
Жаңа оқу жылында мектептерде орын жетіспеушілікті шешу мақсатында 2 600 орынға арналған бес жапсарлы ғимарат салынып, қолданысқа берілді. Жаңа корпустар мына мекен жайларда орналасқан: № 37 мектеп – Күйші Дина 46/2, № 16 мектеп – Кенесары 81, № 17 мектеп-гимназия – Қабанбай батыр 9/1, № 22 мектеп– Жирентаев 16, № 32 мектеп – Абылай хан 25/3. Әсет Исекешев барлық корпустын дайындығын тексерді.
Сонымен қатар, әкім күрделі жөндеу жүрген № 29 орта мектепте болды. Бұл мектепте былтыр сымнын қысқа тұйықталуынан өрт шығып білім ошағына айтарлықтар зақым келтірген. Осы жазда жаңа блок тұрғызылып, инженерлік желілер өткізілді, жаңа терезелер мен есіктер орнатылды.
Қаламыздың 74 орта білім беру мекемесінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беру ұйымдастырылды. Оқу барысына әр түрлі диагнозы бар оқушылар барады (қант диабеті, эпилепсия, туа біткен даму ақаулары, тыныс демікпесі, лейкоз және т/б).
Сонымен қатар, Әсет Исекешев мүгедек балаларға арналып ашылған каратэ және жүзу секциялар жұмысымен танысты. Қазіргі күні бас қаламызда мүмкіндігі шектеулі балалардың спортпен еркін шұғылдануына бар мүмкіндік жасалуда.
Көшпелі кеңес барысында Қарасай батыр көшесінде орналасқан Көпсалалы колледждің күрделі жөндеу жұмыстары туралы баяндалды. Оқу орнынын екі блогында жөндеу аяқталған, үшінші блокта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру