• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИЖТМ: ҚР сыртқы және ішкі туризмінің дамуы – мемлекет саясатының басым бағыты

ИЖТМ: ҚР сыртқы және ішкі туризмінің дамуы – мемлекет саясатының басым бағыты

13 Қаңтар, 2014 12:15
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің жетекшілігімен туристік саланы дамыту мәселесі бойынша жиын өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Қазақстандағы сыртқы және ішкі туризмнің дамуы мемлекет саясатының басым бағыты ретінде көрсетіледі. Халықаралық туризм қазіргі таңда әлемдік экономикадағы ең қарқынды өсіп келе жатқан салалардың бірі. Әлемдік экономикада туризм – жер беті бойынша 75 млн жұмыс орнын ұстап отырған асты жұмыспен қамтушы саланың бірі. Әлемде әр 12-інші адам осы салада қызмет етеді. Халықаралық туризм елді жұмыспен қамтып қана қоймай, қала мен ауылда да өзінің қанатын кеңге жайған. 2012 жылы  халықаралық туристердің саны тарихта ең үлкен көрсеткішке жетіп, 1 млрд адамды құрады. Туризм әлемдегі ЖІӨ көлемінің 9,4 пайызын құрайды», - делінген хабарламада.

Жиын қорытындысы бойынша, Премьер-Министр орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Туризм индустриясы комитетіне Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен және облыс әкімдіктерімен ішкі туризмді дамыту туралы меморандум дайындауды тапсырды. Осыған орай ЭКСПО-2017 аясында өңірлердің туристік мүмкіндіктерін дайындай мәселесіне аса мән берілді.

Сонымен қатар, Әсет Исекешев барлық өңірлерге жол бойындағы белгілерді шет елдіктерге түсінікті болатындай етіп көрсету мен бағыттық автобустардың жұмысын жетілдіруді тапсырды.

Батыс Қазақстан, Қостанай мен Қарағанды облыстарына туризмді дамыту бойынша жеке құрылым құру тапсырмасы берілді. Сонымен қатар, вице-премьер 2014 жылдың басында Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Туризм кеңесі отырысын өткізуді тапсырды. Онда туристік саланың барлық мәселелері қарастырылмақ.

Айта кету керек, Қазақстанның 16 өңіріне туризмді дамыту мақсатында бөлінген қаражат құны 553 млн. теңгені құрайды.

2014 жылдың қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша туризм саласын ең көп қаражат бөлген әкімдік Алматы қаласы (121 мле теңге) болса, ең аз Атырау мен Қызылорда облыстары (4 млн теңге) көрінеді.

Барлық жаңалықтар