- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 13 697 жаңа жұмыс орны ашылды
ОҚО-да 13 697 жаңа жұмыс орны ашылды
Өңір әкімдігінде хабарлағандай, бұған дейін де қаржы ұйымы кәсібін дөңгелетемін деген шаруаға төменгі 7-9 пайыздық мөлшерлемемен несие беріп келген болса, биылдан бастап, бағдарлама шеңберінде ең аз мөлшерлемемен қаржы беруде. Бұл өңірдегі кәсібін жаңадан ашуға ниет білдірген адамға үлкен көмек.
Айта кетейік, «Ырыс» микроқаржы ұйымы осы уақытқа дейін жалпы сомасы 28,5 млрд теңгені құрайтын 15 956 жобаға қолдау көрсеткен. Ырыстан қолдау тапқан жобалар аясында 13 697 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, 2017 жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша ұйым жалпы сомасы 5 465, 300 мың теңгені құрайтын 2110 жобаны қаржыландырды.
Атап айтқанда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 2 264,1 млн теңгеге 851 жоба, «Көктемгі егін егу-жинау» бағдарламасы бойынша 1 500,0 млн теңгеге 880 жоба, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 400 млн теңгеге 108 жоба, ал, мекеменің өз қаражаты есебінен 1 298,2 млн теңгеге 271 жоба қаржыландырылған.
Сонымен қатар осы жылы «Ырыс» МҚҰ тарапынан 16 кооператив 287,3 млн теңгеге қаржыландырылып отыр. Жалпы қаржы орталығы биылғы жылы 6 000 млн теңгеге 2 300 жобаны қаржыландыруды жоспарлап отыр.
Ал «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 900 млн теңге қаражат тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп, жыл соңына дейін толық игеру жоспарлануда.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы