- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда егілген жер көлемінен 99,8% картоп жиналған
Қазақстанда егілген жер көлемінен 99,8% картоп жиналған
2017 жылғы 20 қазандағы жедел деректер бойынша егілген жер көлемінің 99,8%-ы жиналып, 3,5 млн тонна картоп алынған, бұл 2016 жылғы жалпы жинау деңгейінде. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша, 2016 және 2015 жылғы жалпы терім жыл сайын 3,5 млн тоннаға жуық.
2017 жылы жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, картоптың егіс көлемі 179,6 мың гектарды құраған, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1,6 мың гектарға аз.
2017 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы кезеңде Республикадан картоп экспортының жалпы көлемі 107,4 мың тоннаны құраған, оның ішінде ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір аралығындағы кезеңде – 76 мың тонна. Экспортталған негізгі ел Өзбекстан, онда 106,6 мың тонна экспортталған.
2017 жылғы қазаннан бастап Өзбекстан тарапынан сұраныс күрт төмендеген.
Статистика деректеріне сәйкес, ағымдағы жылғы маусым-қыркүйек аралығындағы кезеңде 49 тг/кг деңгейінде болған, осы ретте бөлшек сауда бағалары 162 тг/кг-дан 99 тг/кг-ға дейін төмендеген. 2016 жылдың ұқсас кезеңінде өндірушілердің бағалары 47-ден 45 тг/кг-ге дейін, бөлшек сауда бағалары 106-дан 81 тг/кг дейін төмендеген.
Осылайша, өткен жылғы қыркүйек айымен салыстырғанда өндірушілердің бағаларының өсуі 8,9% құраған.
Алайда, АШМ-да атап өткендей, Өзбекстан тарапынан сұраныстың төмендеуіне қарамастан, картоптың бөлшек сауда бағалары одан әрі өсіп, ағымдағы жылғы 1-17 қазан аралығындағы бағалар индексі 118,7% құрады.
Жоғарыда айтылғанның негізінде, бағалардың өсуі бөлшек сауда нарығында ғана байқалады.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды