• Басты
  • Сарыағаш ауданында қарқынды бау көлемі артып келеді
23 Қазан, 2017 08:43

Сарыағаш ауданында қарқынды бау көлемі артып келеді

Сарыағаш ауданында қарқынды бау көлемі артып келеді, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.

Сарыағаш ауданында қарқынды бау көлемі артып келеді | Strategy2050.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев арнайы жұмыс сапарымен  Сарыағаш ауданына барды.  Өңір басшысы алдымен  Жемісті ауылдық округіндегі «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС-да болып, шаруашылықтың қарқынды бауын аралап көрді.   

"2009 жылы құрылған серіктестік 2015 жылдан бастап қарқынды бау егумен айналысып келеді. Бүгінде қожалық иелігіндегі 36 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен алма бауы егілген. Мұнда алманың Жерси Мак, Жанжир Голд, Вилямс Прайд, Гала, Голден Делишес, Ред Делишес, Скарлет Спур, Жеромин Гренни Смит, Фунджи, Панк Леди Салтанат түрлері жайқалып өсіп тұр. Жылына  80 млн теңгенің өнімін  өндіретін серіктестікте  30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған", - деп ақпараттандырылды әкім. 

Облыс әкімі аудан басшысы мен қожалық төрағасына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан барлық жеңілдіктерді тиімді пайдалануды тапсырды.

«Сарыағаш ауданының табиғи-климаттық жағдайы жемістер мен көкөніс көшеттерін өсіруге өте қолайлы. Сондықтан аталған серіктестік басшылығына мемлекет тарапынан берілетін субсидия мен түрлі несиелік жеңілдіктерді тиімді пайдалану қажет.  Ол үшін тиісті құжаттарды реттеп,  дер кезінде әрекет еткен жөн. Алдағы жылдары климаты мен топырағы сәйкес келетін өзге аудандарға осы тәлімбақта өсірілген көшеттерді жерсіндіру ісін жандандыруды тапсырамын»,- деді Жансейіт Қансейтұлы.

Мұнан соң өңір басшысы Сарыағаш қаласындағы аудандық бюджет есебінен  35 млн  теңгеге салынған «Ана мен бала» аллеясын аралап көрді.  Аллеяның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеп, анаға деген құрметті насихаттау, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дамыту болып табылады. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды