• Басты
  • Д.Жазықбаев: Туған жер аясында кеңес заманында «банды» болған батырларымыз түгенделуде (ВИДЕО)
20 Қазан, 2017 17:40

Д.Жазықбаев: Туған жер аясында кеңес заманында «банды» болған батырларымыз түгенделуде (ВИДЕО)

Туған жер бағдарламасы аясында кеңес заманында «банды» болған батырларымыз түгенделуде, бұл тарихымызды түгендеу, деп мәлімдеді философия ғылымдарының кандидаты, зерттеуші Дархан Жазықбаев Стратегия пікірталас клубының алаңында.
Д.Жазықбаев: Туған жер аясында кеңес заманында «банды» болған батырларымыз түгенделуде (ВИДЕО) | Strategy2050.kz

«Туған жер бағдарламасына жеке өзімнің қосқан үлесіме келетін болсам, мен балаларды туған өлкеме апарып, сол жердегі киелі жерлермен, тоғаймен, көлімен таныстырдым. Біз Балқаштың бойында болдық. Шынымды, айтсам бұл бағдарлама менің балалармен жақындаса түсуіме көмектесті десем болады. Себебі, онда интернет жоқ, сондықтан біз өзара көп әңгімелесіп, сырластық» , - деді Дархан Жазықбаев.  

 

Өз кезегінде,  Стратегия пікірталас клубының модераторы: «Туған жер бағдарламасы деп жатсыз, кеңес заманында тырнақшаның ішінде банды болған қазақтар, бүгінде біздің батырларымыздың қатарына қосылып жатыр. Жалпы, тарихымызды түгендеуде ескерілмей қалған дүниелер жоқ па?», деп сұрақ қойды.

«Рас, өзіңіз айтпақшы тырнақшаның ішінде банды болған қазақтар, бүгінде біздің батырларымыздың қатарына қосылып жатыр. Олар сол кезде бүтін бір ауылды асырып, халықтың қамын жеді. Жалпы, тарихимызды түгендеп келе жатқанымызға жиырма бес жылдан астам уақыт өтті, біршама түгенделіпте қалдық. Елбасы айтпақшы,  тарихи сана жаңғырмай ұлттық сана жаңғырмайды.  Бірақ біздің негізгі мақсатымыз білімді, бәсекелестікті күшейтуге дең  қою, себебі күш білімде», - деп түйіндеді спикер.

 Мөлдір Асқарқызы 

Видео: Азамат Әлиев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды