• Басты
  • «Ұлытау» экспедициясы отандық туризмді дамытуға үлкен үлес қосты – Дархан Жазықбаев (ВИДЕО)
20 Қазан, 2017 17:25

«Ұлытау» экспедициясы отандық туризмді дамытуға үлкен үлес қосты – Дархан Жазықбаев (ВИДЕО)

«Ұлытау» экспедициясы отандық туризмді дамытуға үлкен үлес қосты. Бұл туралы Стратегия пікірталас клубының тікелей эфирдегі кезекті шығарылымында философия ғылымдарының кандидаты, зерттеуші Дархан Жазықбаев хабарлады.
«Ұлытау» экспедициясы отандық туризмді дамытуға үлкен үлес қосты – Дархан Жазықбаев (ВИДЕО)

«Түрік академиясының қолдауымен өткізілген «Ұлытау» экспедициясының басты мақсаты түркі тілдес  бауырлас елдерге киелі жерлерімізді көрсету болды. Экспедиция мүшелері  Жошы ханның жатқан жерін,  Алашаханда орналасқан мазарды, Хан ордасын  өз көздерімен көріп қайтты. Негізі экспедиция Моңғолиядан басталды, соңында біздің Қазақстанға келіп қорытындыланды. Бұл Туған жер бағдарламасына қосқан үлесіміз десек болады», - деді сөз басында Дархан Жазықбаев.

Зерттеушінің айтуынша, «Ұлытау» экспедициясының туризимді дамытуға қосқан үлесі зор.

«Менің ойымша біз осы экспедиция арқылы отандық туризмді дамытуға өз үлесімізді қостық. Себебі, әлеуметтік желілер арқылы барша қазақстандықтар біздің барған жерлемізді көріп, біздің экпедициямызды бақылап отырды», - деді Дархан Жазықбаев.

Осы ретте, Стратегия пікірталас клубының мидераторы: «Әлеуметтік желілер демекші, осы көптеген азаматтар бұл экспедиция аясында ғалымдар тарихи жерлерді аралап, суретке түсуден басқа ештеме бітірмеді деген пікірлер білдіріп жатады. Осыған байланысты не дер едеңіз?», деп сұрақ қойды.

«Бізбен бірге экспедицияға блогерлері, журналистері бар он бес адам барды. Сіз айтып жатқан әлеуметтік желілердегі суреттерді осы журналистер салып, экспедициямызды насихаттады. Бүгінгі жастар кешке дейін теледидар көріп отырмайды немесе газет, журналдарды, кітаптарды оқи бермейді. Керісінше, осы әлеуметтік желілер арқылы көріп біледі. Көбіне суретке түсіру керек. Әлеуметтік желі арқылы сол суреттерді көрген азамат келесі еңбек демалысымда Қазақстанның осы бір киелі жеріне барсам деген ойға қалады. Осылайша еліміздегі белгісіз жерлер таныла бастайды. Бүгінде бес минут бұрын ақпарат берсен, екі минуттан кейін ол басқа жерде сілтемемен шығып жатады. Бұл жылдамдық», - деп түйіндеді  Дархан Жазықбаев.

Естеріңізге сала кетейік, тікелей эфирде жүріп жатқан Стратегия пікірталас клубының кезекті шығарылымында Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде өткен қазақ мәдениетінің, тарихының жалпы руханиятының таныстырылымы сөз болуда. Бұдан басқа, осы мәдени шара барысында еуропалықтарға және осы Халықаралық ұйымға мүше елдердің назарына ұсынылған қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен терең тарихы да әңгіме өзегіне айналып отыр.

Сондай ақ, Қазақстанның 100 жаңа есімін анықтау жұмыстары, Туған жер бағдарламасының жүзеге асырылуы, жалпы рухани жаңғыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да сөз болуда. 

Мөлдір Асқарқызы 

Видео: Азамат Әлиев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды