• Басты
  • Парижде еуропалықтарға қазақ халқының рухани құндылығы таныстырылды – Б.Орынбетова (ВИДЕО)
20 Қазан, 2017 17:31

Парижде еуропалықтарға қазақ халқының рухани құндылығы таныстырылды – Б.Орынбетова (ВИДЕО)

Парижде еуропалықтарға қазақ халқының рухани құндылығы таныстырылды. Бұл туралы el.kz интернет жобасының жетекшісі Бэлла Орынбетова «Стратегия» пікірталас клубы барысында мәлімдеді.
Парижде  еуропалықтарға  қазақ халқының рухани  құндылығы таныстырылды – Б.Орынбетова  (ВИДЕО) | Strategy2050.kz

«Парижде ЮНЕСКО-ның  штаб пәтерінде Елбасының «Рухани  жаңғыру» бағдарламасының тұсаукесері өтті.  Шара аясында фотокормелер, «Қасиетті Қазақстан», «100 жаңа есім» сынды жобалар таныстырылып, ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға отандық қана емес, шетелдік ғалымдар, танымал қоғам қайраткерлері қатысты. Осы бағдарлама аясында  ұлтаралық диалог төңірегінде әңгіме өрбіді», - деді Б.Орынбетова.

Оның айтуынша,   аталмыш  шара  Еуропа халқына қазақ халқының  рухани және ұлттық құндылығы жағынан кенде ем ес екендігін көрсету болды.

«Рухани жаңғыру» аясындағы  ірі жобаның бірі «100 жаңа есім» болып табылады. Сайтқа  3 айдың ішінде  2112 адам өтініш тастады.  18 қазанда дауыс беру басталды.  Іріктелген  302 адам сайтқа жүктелді. Осы адамдардың ішінен  100 адамды таңдап алу керек.  Тұлғаларды қабылдау  6 сегмент бойынша бөлінді. Осы салалар бойынша  үміткерлерді ұсындық, оның ішінде  3 адамға ғана дауыс беруге болады.  Байқау  жас ерекшелігі бойынша шектелген жоқ. Оның ішінде  12 жастағы бала мен 90 жасқа дейінгі қариядан өтініш түсті. Тәуелсіздік жылдары ішінде  өз еңбегімен елдің дамуына үлес қосқан тұлғалар тізімге енді», - деді Бэлла Орынбетова. 

Аягөз Құрмаш 

Видео, Фото: Азамат Әлиев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды