• Басты
  • Қазақстанда 1 қаңтардан бастап күнкөріс минимумы өседі
20 Қазан, 2017 18:51

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап күнкөріс минимумы өседі

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатына қатысқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, қызмет көрсетудің атаулы сипатын күшейтуде мұқтаж тараптың өтініш беруін тоспай-ақ, оны анықтайтын жұмыс тәсіліне көшу жоспарлануда екенін хабарлады.

Қазақстанда  1 қаңтардан бастап  күнкөріс минимумы  өседі | Strategy2050.kz

«2018 жылдың 1 қаңтарынан іске асатын жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекке жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен болатын отбасылар қатыса алады.Жаңа сипаттағы АӘК әлеуметтік көмекті алушылардың әлеуметтік жауапкершілігін күшейтіп, жұмысқа орналасуға, жақсы өмір сүруге ынтасын күшейтпек. Сәйкесінше аз қамтылған азаматтардың ел экономикасы мен қоғамға етене араласуына мүмкіндік туады», - деді С.Жақыпова.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа тәсілін түсіндіру тұрғысында белсенді жұмыс атқаруда.

«Қазіргі уақытта базалық зейнетақы зейнет жасына жеткендерге бәріне бірдей еңбек өтілін және зейнетақы жинағын қалыптастыруға қатысуды ескерусіз тағайындалады. Келесі жылдан базалық зейнетақы жүйеге қатысу өтіліне қарай берілетіні көзделуде. Осы орайда 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарының түсу аралығы ғана есептілініп қоймай, 1998 жылға дейінгі де еңбек өтілі назарға алынатыны болжануда», - деп түсіндірді Светлана Жақыпова.     

Мұндай әдіс, 30-40 жыл еңбек өтілі болса да, төмен зейнетақы алып отырған адамдарға қатысты әділдік орнататыны күтілуде. 1998 жылға дейін және одан кейін де 33 жылдан асатын өтілі бар тұлғаларға, базалық зейнетақы ағымдағы көлемімен салыстырғанда екі есеге көбейеді. Егер бұл сома қазір 14 мың теңгені көрсетсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен зейнеткерлердің аталған тобы ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыға қоса, 28 мың теңгені иемденетін болады. 

10 жылдан асқан әр жыл сайын базалық зейнетақы 2 пайызға өспек. Мәселен, 20 жылдық еңбек өтілінде базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын құраса, 30 жылда 94%-ды межелемек. Заңда айқындалғандай, 33 жылды еңсерген өтіл белесінде базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің толық 100% көлемін қамтымақ.

Светлана Жақыпованың айтуынша, Үкіметтің әлеуметтік сала бойынша жүргізіп жатқан жұмысы мемлекет көмегін алушы барлық тараптар үшін міндеттер ауқымын жүзеге асыруда кешенді әрі жүйелі көзқарасты қажет етеді.

«Мәселен, бүгінде екі миллион қазақстандық зейнеткер өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға өскен зейнетақы алып үлгерді. Нәтижесінде 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы мөлшері 14 466 теңгені, ең төменгі зейнетақы 31 245 теңгені құрады.Келесі жылы ынтымақты зейнетақыны болжамды инфляция деңгейінен 2 пайызға жоғары көтеру жоспарлануда.Сонымен бірге, ең төменгі күнкөріс деңгейі құрылымын қайта қарастыру мен оны келесі жылы 16 пайызға өсірумен қатар, мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша да жәрдемақы мөлшері көбейтілетін болады. Бұл аталған жәрдемақы түрлерін алушы 570 мың адамға қатысты дүние», - деп түйіндеді  вице-министр.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды