- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс Бюросы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады
Мәжіліс Бюросы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады
Онда депутаттар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне түзетулерге қатысты Заң жобасын бірінші оқылымда талқылайды.
Ол әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін төмендетуге, ескерту шараларының қолданыс аясын кеңейтіп, жазалардың түрін пайдалы арнаға бұруға бағытталған. Жалпы алғанда әкімшілік-деликтілік заңнаманы одан әрі ізгілендіруге негізделген.
Сондай-ақ осы күні тұрғын үй қатынастары мәселелеріне қатысты өзгерістер екінші оқылымда қаралатын болады.
Жалпы отырыста депутаттар назарына Қазақстан мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы арасындағы штаб-пәтер туралы келісімді ратификациялауға қатысты Заң жобасы ұсынылады.
Бұл күні палата бірқатар Заң жобаларын жұмысқа қабылдайды. Олардың ішінде халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселесі, сонымен бірге Түрікменстанмен стратегиялық әріптестік шартты және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың жекелеген ережелерін қолдану туралы хаттаманы ратификациялауға байланысты Заң жобалары бар.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары