- Басты
- Жаңалықтар
- Еңбек мигранттарына салынатын салық 2 АЕК құрайды
Еңбек мигранттарына салынатын салық 2 АЕК құрайды
«Үй шаруасымен айналысатын еңбек иммигранттары салықтық кезең ішінде жеке табыс салығы бойынша жұмыс істеген (қызмет көрсеткен) әрбір ай үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (3 704 теңге) алдын ала төлем жасайды. Алдын ала төлем еңбек иммигрантының орналасқан жері бойынша көші-қон полициясы органдарының рұқсатын алғанға дейін (ұзартқанша) бюджетке төленеді», - делінген хабарламада.
Жыл соңында көшіп-қонушы жеке табыс салығы сомаларын есептейді.
Ведомствоның атап өтуінше, еңбек иммигрантының табысы рұқсат етілген кезең ішінде жұмыстарды орындаудан түскен кіріс мөлшерінен тұрады.
«Салық салынатын табысты анықтау үшін жалпы тапқан табыс сомасынан әр айға заңмен белгіленген бір реттік ең төменгі еңбекақы алынып тасталады, ал қалған сомаға 10 пайыз мөлшерлемесі бойынша жеке табыс салығы салынады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, алдын ала төленген салық сомасы іс жүзінде есептелген сомадан төмен болған көшіп-қонушылар ғана жыл соңында декларация тапсырады.
Бұл декларация есептік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін ұсынылуы тиіс. Бюджетпен түпкілікті есеп айырысу сол жылдың 10 сәуіріне дейін алдын ала төленген төлемдерді есептей отырып жүргізіледі. Еңбек иммигранттарының осы санаттары мерзімінен бұрын елден кеткен жағдайда орналасқан орны бойынша салық органдарына кететін мерзіміне дейін декларация тапсырып, салық төлейді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ