- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарлама 5,5 мың жобаға қолдау көрсетті
Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарлама 5,5 мың жобаға қолдау көрсетті
Отырыста қарағандылық бизнесмендерге «Атамекен» қызметінің басым бағыттары туралы айтылды. Аймағымыздағы кәсіпкерліктің дамуында кездесетінр проблемелар мен алдағы перспективалар талқыланды.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өзінің сөзінде жергілікті билік пен бизнес арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелеріне тоқталды.
«Бүгінгі таңда бұл екі институттар арасындағы серіктестік нығайтылды деп айтуға болады деп ойлаймын. Аймақта мемлекеттік қолдаудың түрлі құралдары кең ауқымда қолданылып жатыр, жәнеде ол оң нәтижесін беруде. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша облыста жалпы сомасы 10 млрд теңгені құраған 5,5 мың жобаға қолдау көрсетілген», - деді аймақ басшысы.
Қаржылық жүктемені жеңілдету кәсіпорындарға өндірісті жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бұл олардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады.
«Алғаш рет жергілікті бюджет Даму қорымен бірігіп, қайта өңдеу кәсіпорындарына шағын несиелеуге 600 млн теңге бағыттаған», - деді Ерлан Қошанов.
Отырыста облыс әкімдігінде кәсіпкерлік бойынша Комиссияның құрылуы тиімді алаң болғаны атап айтылды.
«Осылайша, мысалы, кәсіпкерлердің өтініші бойынша бизнес үшін судың тарифін төмендету мәселесі шешілді. Қазіргі таңда осы секілді электрэнергиясының тарифі бойынша мәселе қарастырылып жатыр. Сонымен қатар бос жер телімдері туралы ақпараттың қол жетімсіздігі туралы сұрақ көтерілген болатын. Ол да шешімін тапты. Біз бос жер телімдері және өндірістік алаңдардың электронды картасы жасадық. Ол кәсіпкелге қызмет көрсету орталықтары және жергілікті билік органдарының сайттарында орналастырылған», - деді Ерлан Қошанов.
Алдағы уақытта электронды картаға бос тұрған кепілдегі нысандар туралы ақпарат қосылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар кәсіпкерлер бос коммуникациялық қуаттылықтар туралы ақпараттың қол жетімді болуын сұрайды. Осының барлығы бизнесті жүргізуде анағұрлым жеңілдіктер береді.
Сонымен бірге отырыста республикалық деңгейде ғана шешілетін мәселелер де көтерілді. Тимур Құлыбаев Ұлттық палатаның кәсіпкерлікке қатысты заңнамалық базаны жетілдіруге қатысатыны туралы айтты. Қазіргі таңда жаңа Салық кодексінің жобасы жасалуда.
Заңға бағынатын бизнесмендер жалған кәсіпкерлік бойынша істердің тұтқыны болып отыр. Бұл мәселе бұрыннан бері талқыланып келеді. ҚР Қылмыстық кодексінен бұл бапты алып тастау мүмкін болды. Алайда салынған үлкен айыппұлдар мен өсімпұлдар кәсіпкерлерді банкроттықа алып келуі мүмкін. Бұл ретте салық рақымшылығы септігін тигізері анық, жәнеде бұл мәселе көтеріліп жатыр.
Қарағанды облысында 80 700-ден астам шағын және орта бизнес нысандары жұмыс істейді. Онда 230 мың адам немесе облыс тұрғындарының 30%-ы жұмыс атқарады.
Тимур Құлыбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында «Сарыарқа нан Қарағанды» нан зауытын, Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, «Қарағанды фармацевтикалық кешен» ЖШС аралап қайтты. Сонымен қатар жергілікті Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен таныстырылды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары