- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Словения саяси дилаогты одан әрі жалғастыруға мүдделі
Қазақстан мен Словения саяси дилаогты одан әрі жалғастыруға мүдделі
Достық пен әріптестіктің ширек ғасыры ішінде елдеріміз саяси диалогты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты қарышты түрде дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2002 жылғы мамырда Словенияға жасаған ресми сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудегі маңызды кезең болды. Словения Президенттері М.Кучанның 2002 жылғы қыркүйекте және доктор Д.Тюрктың 2009 жылғы қарашада Астанаға жасаған сапарлары екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға елеулі серпін берді.
Екі елдің сыртқы істер министрліктері мен мамандандырылған мекемелері арасындағы қарым-қатынастар кеңеюде. 2017 жылы Астанада Қазақстан мен Словения арасындағы алғашқы СІМ-аралық саяси консультациялар өтті.
Парламенттік дипломатия екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға да ықпал етеді. Екі елдің заң шығарушы органдарында достық парламенттік топтар құрылды.
Қазақстан мен Словения негізгі халықаралық мәселелер бойынша ортақ көзқарастарды бөліседі және БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б. сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде тығыз ынтымақтасады.
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынастар жүйелі дамуда. Фармацевтика, «ақылды» және «жасыл» технологиялар, көліктік инфрақұрылым, туризм, оның ішінде спорттық және медициналық туризм және т.с.с. ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары болып табылады.
Қазақстан-Словения Экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясы екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың тиімді тетігі болып табылады. Комиссияның 3-ші отырысы 2016 жылы Люблянада өтті.
Қазақстан мен Словения екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі фашизммен күресудің ортақ тарихи естелігін бөліседі.
Словениядағы Трново қаласында Кеңестік жауынгерлерге мемориал орнатылып, қаза тапқан қазақстандық сарбаздардың есімдері естелік тақталарда мәңгі есте қалдырылды. Повир ауылында екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза болған белгісіз қазақ сарбазының мазары бар. Қазақстандық тарап Повир қаласының тұрғындарына 70 жылдан астам уақыт бойы сарбаз туралы естелікті сақтағаны үшін ризашылығын білдіреді.
Словенияда Марибор және Нова Горица қалаларында Қазақстанның құрметті консулдықтары бар. Олар Қазақстан Республикасының Елшілігіне мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуге белсенді түрде қолдау көрсетеді, сондай-ақ екі ел университеттері арасында байланыстар орнатуға жәрдемдеседі. Словенияның Приморск өлкесі - Горишка Брдада «Art Circle» халықаралық өнер симпозиумы аясында «Қазақстанның Өнер Елшілігі» ашылды.
Екі ел арасындағы экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамытуға елеулі қолдау және көмек көрсетіп отырған Словенияның Алматы қаласындағы Құрметті консулдығы ашылды.
25 жылдық ынтымақтастықтың нәтижелері Қазақстан мен Словенияның екіжақты ынтымақтастықты, атап айтқанда саяси диалог, сауда, экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және дамытуға ниетін көрсетеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды