- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау облысында 14 әлеуметтік нысан ашылды – әкім
Атырау облысында 14 әлеуметтік нысан ашылды – әкім
2017 жылы Атырау облысында 296,6 км жол салынды, оның ішінде Атырау қаласында 236,6 км.
«2017 жылы «Жасыл ел» бағдарламасына 2000 жас қатысты (2016 жылы – 600). Оның ішінде Атырау қаласынан – 460, Жылыой ауданы – 250, Индер ауданы – 210, Исатай ауданы – 200, Құрманғазы ауданы – 230, Қызылқоға ауданы – 225, Мақат ауданы – 210, Махамбет ауданы – 215). Әр қатысушының еңбекақысы 59 853 теңгені (салықты қосқанда) құрады. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 103 млн теңге, республикалық бюджеттен 39 млн теңге қаралды», - деді Н.Ноғаев.
Оның айтуынша, 2017 жылы кадр жетіспеушілігі проблемасын шешу үшін педагогикалық, медициналық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша жергілікті бюджеттен 222 грант бөлінді. Оның ішінде педагогикалық мамандықтарға – 178, медицинаға – 35, ауыл шаруашылығына – 9.
«2017 жылы 14 әлеуметтік нысан ашылды. Оның ішінде - 6 орта мектеп, 4 балабақша, 1 музыка мектебі, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 Атырау мемлекеттік орман шаруашылығы мен жануарлар әлемін қорғау базасы», - деді Атырау облысының әкімі.
2016-2017 жылдары облыстық әкімдік балық қорын көбейтуге қолайлы жағдай жасау үшін 76,0 млн теңге бөліп, «Атырау облысы аумағындағы Қиғаш өзенінің гидрологиялық режимін жақсарту және су көлемін арттыру» және «Атырау облысы аумағындағы Жайық өзенінің гидрологиялық режимін жақсарту, су көлемін арттыру» нысандарының жобалау-сметалық құжаттамасы жасалды.
«Қазір жобалау жұмыстары аяқталды, мемлекеттік сараптамадан оң қортынды алынды. Тереңдету жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айынан басталып, екі жылға созылады», - деді ол.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады