• Басты
  • Атырау облысы ЭКСПО-2017 көрмесінің 5 технологиясын іске асырады
20 Қазан, 2017 13:53

Атырау облысы ЭКСПО-2017 көрмесінің 5 технологиясын іске асырады

Атырау облысы 140 млрд-тан астам теңгеге «Экспо-2017» көрмесінің 5 технологиясын іске асырады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығындағы брифинг барысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтып берді, деп хабарлады primeminister.kz.
Атырау облысы  ЭКСПО-2017  көрмесінің 5 технологиясын іске асырады

Нұрлан Ноғаев қазіргі таңда Атырау облысында «Жасыл энергетика» бағыты бойынша жалпы сомасы 140 млрд-тан астам теңге болатын «Экспо-2017»-нің бес жобасы іске асырылып жатқанын мәлімдеді. Бұдан өзге, бүгінде көрмеде ұсынылған тағы 23 жобаны пайдалану мүмкіндігі пысықталып жатыр.

Облыс әкімінің айтуынша, «Экспо-2017» халықаралық көрмесін Атырау облысының шамамен 83 мың адамы аралаған. Олардың 13 мыңы — оқу мекемелерінің, университеттердің, колледждер мен мектептердің қатысушылары және екі мың алып жүруші, бұл — республика бойынша жоғарғы көрсеткіш.

Сондай-ақ, Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында аталып өткен міндеттерді іске асыру аясындағы жұмыстар туралы айтып өтті. Оның айтуынша, Атырау облысында 1,6 млрд теңгеге 106 жоба іске асырылып жатыр, олардың 1088 млрд теңгесі — кәсіпкерлердің демеушілік қаражаттары.  

Бұдан өзге, Нұрлан Ноғаев өңір әкімдігінің транспаренттік жұмысын қалыптастыру туралы және халықтың сауалдарына шұғыл әрекет ету мақсатында қыркүйек айында ашылған Telegram қосымшасындағы «Атырау облысы әкімдігінің» Telegram-чатының жұмыс істеуі туралы нақты хабарлады.  

«Біз Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын басшылыққа ала отырып, ашық әкімдікті қалыптастыру жолында тағы бір қадам жасадық. Чат жұмыс істей бастаған уақыттан бері біз мыңға жуық сауал алдық, қазіргі таңда топта шамамен 900 адам бар. Бір сұрақты қарастырып, шешімін табуға бір-екі жұмыс күні талап етіледі. Бүгінде, әрбір дерлік адамның қолында смартфоны бар кезде, бұл қадам ЖАО мен халық арасындағы өзара іс-қимылды айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік береді», — деді Н. Ноғаев.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды