- Басты
- Жаңалықтар
- 100 оқулық латын әліпбиінде басылып шыға ма
100 оқулық латын әліпбиінде басылып шыға ма
«Сарапшылардың айтуынша, әліпбидің жаңа нұсқасын талқылай отырып, бұл оқулықтарды басып шығару дұрыс емес. Әзірге, талқылау өтіп жатқан кезде, біздің міндетіміз аударманы аяқтау. Қалай әліпби бойынша нақты шешім қабылданады, соған қарай бізде бейімдейтін боламыз», - деп баса айтты Рауан Кенжеханұлы.
Бұдан басқа, Ұлттық бюроның атқарушы директоры жобаға қатысты қиындықтарға тоқталды.
«Аударма – үлкен тақырып, өзіндік қиындықтықтары бар, себебі ол терминология мәселелерін қамтиды. Конференция аясында біз көптеген пікірлер естідік, енді олардың барлығы жұмыс барысында ескерілетін болады. Оңай дүние жоқ. Біріншіден, кітап шығарумен айналысатын ірі және жаһандық баспалармен жұмыс жүргізілуде. Олар білім беру оқулықтары. Осы оқулықтарды алу құқығына ие болуға байланысты келіссөздерден бастап, оның мұқабасы, дизайнын ойластыру – бұл өте қиын процесс. Алайда ең қиыны – аударма, себебі бұл ғылыми аударма», - деді Р. Кенжеханұлы.
Бүгінгі таңда аталмыш оқулықтар қанша тиражбен шығатыны мәлім болды.
«Әрбір оқулық 10 мың данамен шығарылып, ЖОО-ларға тегін таратылатын болады, сондай-ақ, оқулықтардың электрондық нұсқасы сайтта жарияланады. Мәтіндер ғылыми сараптама мен әдеби редакторлықтан өтуі керек», - деді Рауан Кенжеханұлы.
Ол айтып өткендей, 800-900 беттен тұратын бір ғана оқулық бойынша жиырма адам жұмыс істейді.
Р.Кенжеханұлы аталмыш оқулықтардың бюджеті туралы айтып өтті.
«Әрбір оқулықтың бағасы әртүрлі, себебі олардың көлемі мен мазмұны бірдей емес. Тек құқыққа ие болу тегіннен 50 мың долларға дейін есептеледі. Аудармаға келетін болсақ, ол аудармашылардың біліктілігі мен мәтінге байланысты. Төленетін қаламақының құны да әртүрлі. Қазір жұмыс аяқталған жоқ, орындалу үстінде, сондықтан да нақты сандарды жариялауға әлі ерте. Біз есеп беретін боламыз», - деді спикер.
Айта кетейік, Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығыметов қазақ тіліне 20 оқулық аударылғанын айтты. Келесі жылы жоспар бойынша 20-30 кітап аудару жоспарланып отыр.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары