- Басты
- Жаңалықтар
- Малайзияның Қоғамдық саясатты зерттеу орталығы: Қазақстан берік демократия құруда
Малайзияның Қоғамдық саясатты зерттеу орталығы: Қазақстан берік демократия құруда
«Қоғамдық саясатты зерттеу орталығы» Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Конституциясын реформалау жөніндегі қадамын қолдайды, бұл ұлттың одан әрі дамуы үшін дұрыс демократияның қажетті элементі болып табылады. Қазақстан Парламентінің рөлін нығайту процесі мемлекеттік қызметтер көрсетуді жақсарту мен тиісінше басқаруға ғана емес, сонымен қатар идеялар мен инновацияларды дамытуға ынталандыру үшін жағдайлар жасайтын берік демократия құруға ықпал етеді. Бұл жылдам дамып келе жатқан жаһандық орта жағдайларында анағұрлым талап етіледі.
Мұндай жүйенің болуы халықаралық қоғамдастыққа және әсіресе дұрыс іскерлік орта құруға мүдделі шетелдік инвесторларға үлкен сенім береді. Сондай-ақ өкілеттіктердің аражігін ажырату дамуға қол жеткізуге тырысатын кез келген ел үшін тұрақты кедергілер болып табылатын саяси араласу мен сыбайлас жемқорлық фактілерін де азайтады. Халықаралық қоғамдастық тарапынан сенімге қол жеткізу өсу үшін берік негіз болады, себебі тікелей шетелдік инвестициялар ағымы жақсы бизнес ортаның гүлденуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл жұмыс орындары санының көбеюіне және әл-ауқаттың жақсаруына әкеледі.
Біз Қазақстан үкіметінің реформаларды, әсіресе, сот билігі саласындағы реформаларды іске асыру жөніндегі анағұрлым толық жоспарларын күтудеміз. Сондай-ақ атқарушы және заңнамалық билік тармақтарына да тиісінше көңіл бөлінуде, бұл жоғары бағалауға тұрарлық.
«Қоғамдық саясатты зерттеу орталығы" Қазақстан үкіметіне және оның халқына өз мақсаттарын іске асыруда сәттілік тілейді», - делінген мәлімдеме мәтінінде.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы