- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда ТМД қатысушы мемлекеттерін базалық ұйымдастыру отырысы өтті
Алматыда ТМД қатысушы мемлекеттерін базалық ұйымдастыру отырысы өтті
Оған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, Ресей Федерациясының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрінің орынбасары, сондай-ақ Қырғызстан және Тәжікістан өкілдері қатысты.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов отырысты аша отырып, Базалық ұйымдастыру шеңберінде бірыңғай техникалық саясатты және құрылыстағы үйлестірілген нормативтік базаны құру бойынша жұмыстың жүргізіліп жатқанын айтты. Осындай құрылымның қажеттігі соңғы жылдарда ТМД қатысушы мемлекетерінде құрылыстық нормалаудың тәсілдерінде айтарлықтай айырмашылықтың болуында, олар келешекте экономикалық ынтымақтастықта қисынсыз кедергілерді тудыруы мүмкін.
«ТМД қатысушы елдерінің техникалық, сметалық, сараптамалық нормалаудың бірыңғай стандарттарының болуы маңызды, осының арқасында біздің елдің кәсіпкерлері белсенді ынтымақтастықта бола алады және құрылыс секторындағы инновациялық технологияларды дамыта алады», - деді Мархабат Жайымбетов.
Кеңеске қатысушылар сонымен қатар, құрылыс материалдарына және бұйымдарына және құрылыс өнімінің әртүрлі түрлерін бақылау және сынау әдістеріне қолданыстағы мемлекетаралық стандарттардың жаңасын әзірлеу және оларды жаңарту мәселелерін талқылады.
Конференция отырысының барысында құрылыс саласындағы инновациялар және проблемалар туралы бірқатар баяндамалар ұсынылады. Атап айтқанда, «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) сарапшылары сейсмикалық төзімді құрылыс туралы, құрылыс объектілерін жобалау кезінде ақпараттық моделдеу технологияларын енгізу және Қазақстанда жобалаудың еуропалық стандарттарын (еурокодтарды) қолдану тәжірибесі туралы баяндамаларымен шықты.
Базалық ұйымдастыру қорытындылары бойынша қарарға қол қойылды, ол ТМД қатысушы мемлекеттерінің нормативтік-техникалық құжаттарын талдаудың озық бағыттарын анықтады.
Айта кетейік, Құрылыс кешеніндегі техникалық реттеу проблемалары бойынша ТМД қатысушы мемлекеттерін базалық ұйымдастыруды (бұдан әрі – Базалық ұйымдастыру) құру ТМД елдерініңқұрылыс қызметіндегі ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық кеңестің 36 отырысында Астанада 2014 жылы бастамшылық алды.Базалық ұйымдастырудың алғашқы отырысы 2017 жылдың мамырында Мәскеуде өтті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу